«YASAWI DC» КЛУБЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

  • 30.11.2023
  • KZ

image

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде AQIQAT пікірсайыс орталығының ұйымдастыруымен өткен – AGRO CUP V «Жасыл ел – жаңа ел болашағы» атты ашық-аймақтық турнирінде «Yasawi» дебат клубының жас буыны жүлделі 3-орынды иемденді.

Турнирде «Шам» фракциясы: Ақарыс Сейілбек пен Асет Ахмедов жоғарғы деңгейде ойын көрсетіп, плэй-офф кезеңіне өтті.

Сонымен қатар, 26-қараша күні өткен «Ziat CUP I» мектеп оқушыларына арналған турнирде «Yasawi» дебат клубының мүшелері төрешілік етті. Ал, бәсекеде қатысушыларға әділ төрелік жасаған Мейірбек Қанатұлы «Ең үздік төреші» номинациясымен марапатталды.

25-26 қараша күндері екі мың жылдық тарихы бар көне қала-Тараз төрінде өткен «IITI CUP V» турнирінде «Yasawi» клубының мүшелері жеңімпаз атанды.

Турнирге клубымыздан 5 фракция қатысып: «Ертеңгі күннің тарихы» (Бақтиёр Шамухсунов, Назерке Нұрлыбекқызы) фракциясы «Alpha» лигасы 1/4 плэй-офф, «Бекзат Саттарханов» (Қанжігіт Сағи, Азамат Дәуренбеков) және де «Бір кем дүние» (Сая Тұрысбекқызы, Алуа Әмірхан) фракциялары «Betta» лигасының 1/4 плэй-офф кезеңдеріне өтіп,жоғарғы деңгейде ойын көрсетті.

Барлық жеңімпаз жастарымызды құттықтап, толағай табыс тілейміз!