❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

СТУДЕНТТЕРІМІЗ ӘЛЕМДІК ДОДАЛАРДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

  • 10.11.2025
  • KZ
  • 57

image

Оқу ордамыздың спортшы студенттері халықаралық деңгейдегі ірі додаларда өз шеберліктерін дәлелдеп, еліміздің абыройын асқақтатты.

Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өткен VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында оқу ордамыздың мақтанышы Айдар Арапов дзюдо спорт түрі бойынша 90 кг дейінгі салмақта қола медаль иеленді. Жүлде жолында Тәжікстан спортшысы Мухамеджон Абдуджалилзаданы ұтып, үздік үштік қатарынан көрінді. Бұл жеңіс — Айдардың еңбегі мен төзімділігінің нәтижесі.

Ал 7–9 қараша күндері Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында самбодан әлем чемпионаты өтті. Бұл додада да студенттеріміз бен бапкерлеріміз де керемет нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. 

Ұлболсын Адилова — 80 кг салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленсе, Нұрила Асанқызы —  80 кг жоғары салмақ дәрежесінде қола медаль иеленіп үздік спортшылар қатарынан көрінді. 

Қыздарымыздың жетістігінде бапкерлеріміздің еңбегі де зор. Олардың жаттықтырушысы — ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абсадық Халилаев.

Сондай-ақ, университетіміздің бапкері Жадыра Пайыз өз кәсібилігін дәлелдеп, жарыста жүлделі 3 орын иеленді.

Студенттеріміздің және бапкерлеріміздің жетістіктері — оқу ордамыздағы спорт саласының қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ жастарымыздың жоғары жетістікке ұмтылысын көрсетеді.

Жеңіс жолында бар күшін салған спортшыларымыздың жеңісі құтты болсын! Алдағы уақытта табыс пен толағай жеңістер тілейміз!