❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

  • 10.11.2025
  • KZ
  • 35

image

Оқу орнымыздың қызметкерлері мен оқытушыларынан құралған құрама командасы 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған волейбол жарысында жеңімпаз атанды.

Сайысты Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – ақпараттық технологиялар саласының мамандары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық бірлікті нығайту. 

Сайыста облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы, «Цифрлық даму орталығы», «Қазпошта» және «Қазақтелеком» мекемесінен жасақталған 8 команда бақ сынасты.

Университет ұжымын айтулы жеңісімен құттықтап, жұмыстарына шағырмашылық табыс тілейміз!