СТУДЕНТТЕР ЛИГАСЫ АЯҚТАЛДЫ

  • 11.03.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда факультетаралық студенттер лигасы өз мәресіне жетті.

Дәстүрлі спорт бәсекесі биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Сайыстың мақсаты — салауатты өмір салтын студенттер арасында кеңінен насихаттау, спорттық іс-шараларды өткізу арқылы студенттерді Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу, денсаулығын нығайту, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, достығын нығайту, сондай-ақ спорт түрлері бойынша университет құрама командасын жасақтау.

Спорттық шараның ресми марапаттау рәсімінде университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі Пеями Баттал қатысты. Оқу ордамыздың басшылары мұндай шаралардың маңыздылығына ерекше тоқталды. Спорттың адамның өміріне ғана емес, жастардың тұлғалық дамуында айрықша орынға ие екенін айтты.

Спорттық додада 9 факультет пен Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің командасы өзара бақ сынады.

Қатысушылар бір ай көлемінде кіші футбол, ерлер және қыздар арасында волейбол, үстел теннисі спорт түрлерінен жарысты.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Спорт және өнер факультеті І орын иемденді. ІІ орынды Кентау кампусының командасы алды. Ал ІІІ орын Жаратылыстану ғылымдары факультетенің құрамасына бұйырды. Жарыс жеңімпаздарына арнайы сый-сияпаттар берілді.

Сондай-ақ, марапаттау рәсімінде үздік ойыншыларға да алғыс хат табысталды.