❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

СТУДЕНТІМІЗ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

  • 12.03.2024
  • KZ
  • 1380

image

Университетіміздің студенті, боксшы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кезекті Олимпиадасына аттанады.

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында Әлемдік лицензиялық турнир өтті. Байрақты бәсекеде 51 кг салмақ дәрежесіне дейінгі салмақта Қазақстан намысын Сәкен Бибосынов қорғады.

Шешуші айқаста спортшымыз басымдықты өз қолына алып, қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермеді. Осылайша, боксшы Парижде өтетін Олимпиаданың жолдамасына ие болды.

Төрт жылдықтың басты бәсекесінде студентіміз Сәкен Бибосыновқа сәттілік және жеңіс тілейміз!