❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ЖҰМАБАЙ ӘБІЛДІҢ ТУҒАНЫНА 70 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

  • 14.11.2025
  • KZ
  • 51

image

Оқу ордамыздың Филология факультетінде филология ғылымдарының докторы Жұмабай Әбілдің 70 жылдығына арналған  «Жұмабай Әбіл және әдебиеттану ғылымының даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Ең алдымен корпус аумағында ректор Жанар Темірбекова мен құрметті қонақтар, оқытушы-профессорлар Жұмабай Әбілдің құрметіне арнап ағаш екті. 

Конференция жұмысы Жұмабай Әбіл туралы арнайы деректі фильммен бастау алды.

Алғашқы сөз тізгінін алған ректор Жанар Темірбекова: «Бүгін қара шаңырағымызда жақсы себеппен басқосып отырмыз. Университет дамуына, шәкірттердің сапалы білім алып, ғылымға араласуына үлкен үлес қосқан ұлағатты ұстаз – Жұмабай Әбіл ағайымыздың құрметіне арналған жиынға  қош келдіңіздер!»,-деді.

Ректор университет атынан Жұмабай ағайдың асыл жары Раушан Бексеитова мен қызына құрмет көрсетіп, шапан жауып, гүл шоқтарын табыстады.

«Бұл іс-шара – ағайымыздың ұлт руханиятына өлшеусіз сіңірген еңбегінің, шәкірт тәрбиелеудегі парасаттылығының жемісі. Жұмабай Әбіл – қазақ тілі білімінің дамуына зор үлес қосқан ғылыми ізденіс пен терең зерттеулерімен, жанашырлығымен танылған тұлға.  Ол кісінің еңбектері тек университет аудиториясында емес, ұлттық ғылым алаңында да үлкен маңызға ие»,-деді Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов.

Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Тұрақты қоғамдық даму» орталығының жетекшісі Нұрғали Ораз «Әдебиет пен өнердің періштесі» тақырыбында баяндама оқыды. 

Пленарлық отырысқа ұласқан жиында белгілі ғалымдар: «Жұмабай Әбіл феномені: азаматтық сана мен көркемдік таным сабақтастығы», «Жұмабай Әбілов – азамат, ғалым және дос», «Жұмабай Әбіл зерттеулеріндегі фольклорлық нысандар», «Жұмабай Әбіл – ұлттық өнердің жаршысы» сияқты т.б тақырыптарда сыр шертті.

Ғалымның көзін көрген игі жақсылар мен әріптестері мен достары ол туралы құнды естеліктерін бөлісті. Жұмабай Әбілдің ұстаздық, ғалым мен жанашыр дос, асыл жар ретіндегі бейнесін танытты.

Осылайша жиналған жұртшылық қазақ руханиятына тағдырын арнаған Жұмабай Әбілдің рухына тағзым етті.