СПОРТШЫ СТУДЕНТТЕРІМІЗ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

  • 12.03.2024
  • KZ

image

Университетіміздің жас спортшылары әлемдік және республикалық жарыстарда топ жарды. Тек оқу ордамыздың абыройын асқақтатып ғана қоймай, еліміздің көк туын әлемдік аренада желбіретті.

Атап айтқанда, Черногория мемлекеті, Будва қаласында наурыздың 3-10 күндері бокстан жастар арасында 22 мемлекеттің қатысуымен Әлем кубогінде өтті. Осы тартысты бәсекеде студентіміз Шұғыла Нәлібай алтын медальға қол жеткізді.

Ал әйелдер күресі спорт түрі бойынша Түркия Республикасының Анталья қаласында өткен «Яшар Догу» халықаралық турнирінде 72 кг салмақ дәрежесінде білім алушымыз Шамшиябану Тастанбек қола жүлдегер атанды.

Сонымен қатар, Тараз қаласында 7-11 наурыз аралығында гір спортынан жастар арасында серпе, жұлқа көтеруден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Аталмыш сайыста серпе көтеруден студенттеріміз Баби Орынбасар 68 кг салмақта 2- орын, 73 кг салмақта Оңалбай Алмас 3- орын жеңіп алды. Спортшылардың жаттықтырушылары — ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев, аға бапкер Баймұрат Абдукаримов.

Жеңімпаз жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!