«ЕУРАЗИЯ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА ІШКІ АУДИТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

  • 12.03.2024
  • KZ

image

Ахмет Ясауи Университетінің «Еуразия» ғылыми-зерттеу институтында 2024 жылдың 03-06 наурыз аралығында ҚР СТ ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес ішкі аудит өткізілді. Ішкі аудиттің мақсаты ішкі сапаны қамтамасыз ету және менеджмент жүйесінің тиісті шарттарын сәйкестігі мен тұрақтылығын анықтау болып табылады. Аталған тексерулерді бас аудитор: риск-менеджері Кырыкбаев М.Т., аудитор: СРСО басшысы Кырыкбаева С.С. өткізді.

Ішкі аудит барысында аудиторлар Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Стратегиялық жоспардың орындалуына, даму бағдарламасы, қауіпсіздік мәдениетін бағалау, қызметтер, жауапкершілік және ұйымның уәкілеттіктерінің орындалуына т.б. процестердің жүргізілуіне мән берді.

Ішкі аудит жұмыс жағдайында өтті. Аудиттен басқа, ҒЗИ қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару негіздері бойынша оқу курсы өткізілді және университеттің комплаенс қызметінің өзекті мәселелері қамтылды.

Комплаенс-офицер, тәуекел-менеджері Кырыкбаев М.Т. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық көріністерінде маңыздылығы атап өтті. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша шаралар қабылданады және қабылданатын болады. Семинар-мәжіліске қатысушыларға мынадай ұғымдар түсіндірілді:

— сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар;

— пара алу;

— пара беру;

— пара ұғымына не кіреді;

— пара алу және беру үшін жауапкершілік.

Семинар-мәжіліс соңында пара ұсынған немесе бопсалаған жағдайда қажетті әрекеттер мен шаралар туралы айтылды. 

Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы және комплаенс-офицер, тәуекел-менеджері