УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

Университетіміздің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті Журналистика мамандығының түлегі, «Ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер газетінің Бас редакторы Жадыра Нармаханова Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Мемлекеттік награда 28 маусым - БАҚ саласы қызметкерлері күні қарсаңында отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға берілді.

Жадыра Нармаханова университетімізде 2004-2008 жылдары білім алған. Түлегімізді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, жас ұрпаққа жол көрсетіп, шамшырақ болып жүрген еңбек жолына табыс тілейміз!
Біздің түлек-біздің мақтанышымыз!