УНИВЕРСИТЕТ КЛИНИКАСЫНДА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛДЫ



«Ана жұрттан - Ата жұртқа» атты денсаулық көпірі жобасы аясында Стамбул университетінің профессоры, балалар урологы Юнус Сойлет, Клиника-диагностикалық орталығының балалар хирургы, медицина магистры Вохид Таиров және дәрігер Акмал Аюпов туа біткен несеп-жыныс жүйесінің ақаулары бар балаларды емдеуде тәжірибе алмасты.
Юнус Сойлет – тек дәрігер емес, университетімізде ректор кеңесшісі қызметін де абыроймен атқарған белгілі тұлға. Балалар урологиясы бойынша оқу орда клиникасында бірнеше рет халықаралық мастер-класс өткізген маман.
Айта кетейік, дәрігерлер проксимальды және дистальды гипоспадиясы бар төрт науқасқа, сондай-ақ қуық-несепағар рефлюксі анықталған бір балаға медициналық көмек көрсетті.
Қазіргі таңда барлық науқастың жағдайы жақсы. Олар дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, қажетті емін алуда.