❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ISO 9001:2015 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ БОЙЫНША СЫРТҚЫ АУДИТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

  • 24.11.2025
  • KZ
  • 68

image

Оқу ордамызда ISO 9001:2015 халықаралық сапа менеджменті стандартына сәйкестікті растауға арналған сыртқы сертификаттық аудиттің ашылу рәсімі өтті.

Аудиттің мақсаты — университеттің сапа менеджменті жүйесінің тиімділігі мен жетілу деңгейін бағалау, ISO 9001:2015 стандарты талаптарына сәйкестігін растау. Сондай-ақ, тұрақты даму бағытындағы жетілдіру аймақтарын анықтау. 

Іс-шараға  ректор өкілі м.а  Нажи Генч пен вице-ректорлар, құрылымдық бөлім басшылары, департамент және ҒЗИ директорлары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты.

Ең алдымен, ректор өкілі м.а Нажи Генч, Анкара қаласынан келген Түрік стандарттар институтының (TSE) өкілі — бас аудитор, доктор Исмет Титизді ресми түрде таныстырып, оның оқу ордаға келудері мақсатына тоқталды. 

Сөз тізгінін алған Исмет Титиз: «Алдағы аудит барысында құрылымдық бөлімдер мен кафедралардан талап етілетіні – жалпы бөлімдерге тиесілі баптардың тәуекелдер мен қауіп-қатерлерге қатысты сақталуы, сондай-ақ келешекке жасалған жоспарлардың орындалуы мен іс-шаралардың дер кезінде жүзеге асырылуы. Сонымен қатар білімгерлердің іс-тәжірибеден бастап оқу бітіргенге дейінгі білім деңгейі де қаралады»,-деді.

Сондай-ақ, ол, университеттің соңғы жылдары даму қарқыны жоғары екенін айтып, оң бағасын берді. Алдағы уақытта  жүргізілетін аудит нәтижелері оқу орданың халықаралық аренадағы орны мен беделін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.