


оқытушы Курманбаева Улдана Нематуллаевна
Өмірбаян
Мен, Курманбаева Улдана Нематуллаевна, 1985 жылы 10 қыркүйек күні Түркістан қаласында дүниеге келдім. 1992 жылы 1 қыркүйекте Қаныш Сәтбаев атындағы №12 орта мектептің 1-сыныбына бардым. 1996 жылы Нәзір Төреқұлов атындағы №8 орта мектепке ауыстым. 2003 жылы Нәзір Төреқұлов атындағы №8 орта мектепті бітіріп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп, Филология факультетінің студенті атандым. 2008 жылы университетті бітіріп, ағылшын тілі мұғалімі мамандығын алып шықтым.
2008-2009 оқу жылында Алматы қаласы, А.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істедім.
2009 жылы Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2010 жылы Халықаралық қатынастар магистрі академиялық дәрежесін алып шықтым.
2010 жылдың қарашасында тұрмысқа шықтым.
2012-2013 оқу жылында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Филология факультеті, Жалпы пәндер кафедрасында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істедім.
2013 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың қыркүйегіне дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Кентау институты, Дайындық орталығы, Қазақ, орыс және ағылшын тілдері кафедрасында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істедім.
2015 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Кентау институты, Дайындық орталығының Ағылшын тілі бөлімінде ағылшын тілі пәні оқытушысы болып қызмет атқарудамын.
Тұрмыс құрғанмын, отбасылымын, төрт баламыз бар.