


оқытушы Магистр , Четин Арай Нургалиевна
Өмірбаян
Мен, Четин Арай Нургалиевна, 1989 жылдың 11 ақпан айында Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келдім. Ұлтым- қазақ. 2006 жылы Кентау қаласының № 23 орта мектебінің 11-ші сыныбын бітірдім. Сол жылы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану факультеті География мамандығына грант негізінде оқуға түсіп, 2010 жылы қызыл дипломмен бітіріп шықтым. Қызмет жолым 2011 жылдың ақпан айында Кентау қаласы «Кентау Көпсалалы Колледжінде лаборант қызметінен басталды. 2011 жылдың қыркүйек айында Шымкент қ. «Тілдер Академиясында» екінші мамандыққа «Екі шетел тілі: ағылшын пен испан» бакалавриат мамандығына оқуға тапсырып, 2013 жылы қызыл дипломмен бітіріп шықтым. 2014-2016 ж.ж. Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті «Екі шетел тілі: ағылшын пен испан» магистратурасын оқып шықтым. 01.10.2015-14.02.2016 ж.ж. аралығында «Эразмуз +» бағдарламасы бойынша Польша елінде Лодзъ қаласында шетелдік тағылымдамадан өтіп келдім. 2016-2017ж.ж. Шымкент қ. «Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде» оқытушы қызметін атқардым. Сол жылы Алматы қ. Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университетінде біліктілікті арттыру курстары 1 қараша мен 20 желтоқсан, 12 маусым мен 31 тамыз аралығында екі мәрте тағылымдамадан өтіп келдім. 2017ж. Назарбаев университетінің ұйымдастыруыменен химия,биология, физика, информатика пәндері бойынша мектеп мұғалімдеріне Ағылшын тілін үйрету курстарына қатыстым. 2018ж. Наурыз айында Халықаралық қазақ-түрік университеті Сапа мен рейтинг бөлімінде Рейтинг бөліміне жауапты маман ретінде жұмысқа қабылданып, сол жылдың қыркүйек айында Дайындық орталығы Ағылшын тілі бөліміне оқытушы қызметіне ауыстым. Қазіргі күнге дейін осы бөлімде оқытушылық қызметін атқарудамын. IELTS, TOEFL, Türkçe Yeterlilik Sınavı сертификаттарым бар.
Отбасылық жағдайым – тұрмыстамын. Бір қызым бар. ҚР азаматы болып табыламын. Жолдасым- Четин Халил. Түркия елінің азаматы. 25 қараша 1987ж. Бурдур, Анталья, Түркия елінде дүниеге келген.Жоғары білімді.Қазіргі уақытта Филология факультеті Түрік тілі бөлімінде оқытушылық қызмет атқаруда.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде еркін сөйлеймін