❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Мырзаханова Ақбота Құлмаханқызы
Ғылым кандидаты, аға оқытушы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
2
Бөлім
Қазақ, орыс тілдері
104

Өмірбаян

ӨМІРБАЯНМен, Мырзаханова Ақбота Құлмаханқызы, 1984 жылғы 18 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.2001 жылы Шымкент қаласындағы «Дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатын» алтын белгімен аяқтап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филология факультетіне оқуға түстім.2006 жылы аталған университетті үздік (қызыл) дипломмен тәмамдап, Дайындық орталығына оқытушы болып жұмысқа орналастым.2010 жылы Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғадым.2011 жылы Инженерлік-педагогикалық факультетінде аға оқытушы, факультет деканының орынбасары қызметін атқардым.2014–2016 жылдары Оқу-әдістемелік бөлімнің жетекші әдіскері, «Гуманитарлық ғылымдар» факультетінде аға оқытушы болып қызмет еттім.2018 жылдан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Дайындық орталығы Қазақ және орыс тілдері бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.Қазақ тілін екінші тіл ретінде, шет тілі және туыс тіл ретінде оқыту әдістемесі саласының маманы ретінде қазіргі таңда «Түркі тілді студенттерге қазақ тілі мәдениеттанымдылығын үйретудің әдістемелік негіздері» тақырыбында ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін.Қазақ тілі бойынша деңгейлік оқу құралдарының және 1 электронды оқулықтың авторымын. Scopus халықаралық ғылыми базасында, шетелдік және қазақстандық ғылыми журналдарда мақалаларым жарық көрген. 30-ға жуық ғылыми мақала авторымын. Оқу-әдістемелік өнімдерімнің бірі ҚР патентімен қорғалған (1 патент).2012 жылы «Түркі халықтары мен мемлекеттерінің тарихи-мәдени мұрасы және интеграциялық үдерістер» бағдарламасы аясында «Қыпшақ-оғыз тілдерінің қазіргі жіктелу жүйесі: теориясы мен әдістемесі» тақырыбындағы іргелі зерттеулерге арналған халықаралық ғылыми жобаның орындаушысы болдым.2023 жылы Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Қазақ тілінің заңдылығын тексеру үшін “Qazgramma” көпфункционалды бағдарламалық кешенін жетілдіру» жобасы аясында бекітілген жұмыс тобының контент талдаушысы қызметін атқардым.Соңғы жылдары жарық көрген еңбектерім:Қазақ тілі. А1 қарапайым деңгей;Лингвомәдениеттанымдық оқу сөздігі. В1–В2 деңгейлері;“Қазақ тілі” деңгейлік оқу-әдістемелік кешенінің оқу бағдарламасы (түркі тілінде сөйлейтіндерге арналған);Рухани қала – Түркістан (оқу бейнефильмі);AI: жасанды интеллекті көмекшілеріне негізделген оқу құралы;Қазақ тілі: аудиовизуалды әдіс (аудиожазба) оқу құралы;Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары оқу құралы;Көркем мәтінді оқыту әдістемесі (туыс тілде сөйлейтіндер үшін) оқу құралы (А1–А2–В1 деңгейлеріне арналған);Елтаным. Қазақ тілі оқу құралы;Қазақ тілі (фонетика бойынша) оқу-әдістемелік құралы;Қазақ тілі электронды оқу құралы (А1, А2).Отбасы жағдайым: тұрмыстамын, 4 балам бар.Мекенжайым: Кентау қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 41-үй. 

Білімі туралы ақпарат

Оқу орны

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы комитеті

Сертификаттар

  • Тіл оқыту мен зерттеу жұмыстарында жасанды интеллект негізіндегі цифрлық технологияларды қолдану әдістемесі (2024 г.)
  • Excel бағдарламасында деректерді визуалдау (2024 г.)

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.