❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін
team
Айтбаев Бегимжан Рахимбекович
Магистр , оқытушы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
2
Бөлім
Қазақ, орыс тілдері
Кеңсе номері
106

Өмірбаян

         Айтбаев Бегімжан Рахымбекұлы 1983 жылы 7 қазанда Түркістан облысы, Жетісай ауданында дүниеге келді. 1989-2000 оқу жылдары “Қызылтаң”, “С.Қожанов” мектептерінде орта білім алдым. 2000-2004 оқу жылдары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін аяқтап, Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі біліктілігін алды. 2005-2007 оқу жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистратурасын аяқтап, Филология магистрі біліктілігін алды. 2017-2020 оқу жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің докторантурасында Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша білім алды.2006-2007 оқу жылдары Қазақстан Халықтар Достығы университетінің Түркістан филиалында оқытушы қызметін атқарды. 2007-2018 оқу жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық факультетінде оқытушы, декан орынбасары қызметтерін атқарды. 2020-2023 оқу жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасында оқытушы, кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.2023-2024 оқу жылынан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы Қазақ, орыс тілдері бөлімінің оқытушысы, 2024-2025 оқу жылынан бастап Дайындық орталығының оқу ісі жөніндегі директор орынбасары қызметтерін атқарып келеді.

Басқару қызметтері

  • Дайындық орталығы
    Декан орынбасары

Оқу ақпараттары:

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
    Бакалавр
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
    Магистратура

Ғылыми метрикалар

ORCID
ORCID ID 0000-0002-2704-5239

Тағылымдама / Сертификат:

  • Тіл оқыту мен зерттеу жұмыстарында жасанды интеллект негізіндегі цифрлық технологияларды қолдану әдістемесі (2024 г.)
  • Білім беруде жасанды интеллектіні қолдану (2023 г.)
  • Қысқы мектеп (2023 г.)
  • Writing a Scientific Paper and Basics of Statistic Methods of Analysis in IBM SPSS Statistics (2023 г.)
  • Академиялық адалдық (2021 г.)