


доцент Ғылым кандидаты, Жетібаев Көпжасар Мұстафаұлы
Археология ҒЗИ директоры, т.ғ.к., профессор
Жетібаев К.М. 1958 жылы 7 сәуірде Оңтүстік
Қазақстан облысы, Түркістан ауданына қарасты,
Сауран селосында дүниеге келген.
1965-1975 жылдары Түркістан ауданы, Майдамтал
елді мекеніндегі «ХХ партсъезд» атындағы орта
мектепті бітірді. 1976-1978 жылдары Қиыр Шығыста
әскер қатарында болды. 1979 жылы Алматы
қаласындағы Абай атындағы КазПИ-дің дайындық
бөліміне түсіп, 1980 жылы аты аталған институттың
тарих факультетінің тарих және құқық негіздері
мамандығын оқып, 1985 жылы үздікке бітірді.
2013-2015 жылдары М.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
«Құқықтану» мамандығын да үздікке бітіреді.
1985-1988 жылдары Темірлан селосындағы Амангелді орта мектебінде
тарих және құқық негіздері сабағынан мұғалім болып қызметін бастайды.
1988-1993 жылдары Түркістан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы
педагогикалық училищеде тарих және құқық негіздері пәндерінен мұғалім
және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
1993-2002 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің заң факультетінде «Мемлекеттік құқықтық
пәндер» кафедрасының оқытушысы, доценті және профессор қызметінде
жүріп, заң факультетінің деканы қызметін уақытша атқарды.
2002-2005 жылдары «Қылмыстық құқық, іс жүргізу және
криминология» кафедрасының меңгерушісі.
2005-2014 жылдары тарих-педагогика факультетінің деканы қызметін
атқарды.
2014-2015 оқу жылында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
институтының директоры қызметінде болды.
2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Археология ғылыми-зерттеу
институтының директоры қызметіне тағайындалды. Университет ғылыми-
техникалық Кеңесі мен Университет Сенатының мүшесі.
1996 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық
мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы тарих ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде
«Қазақстандағы ауыл - село мұғалімдерінің мәдени қызметі және кадрлық
өсуі (ХХ-дың 60-80 ж.ж ) » атты тақырыпта кандидаттық диссертация
қорғады.
2002 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК-нен құқықтану мамандығы
бойынша доцент ғылыми атағын алды.
2007 жылдың қараша айынан бастап университет профессоры ғылыми
атағы берілді.
1993 жылдан бүгінгі күнге дейін 160-тан астам ғылыми мақаласы
жарық көрді. 2007 жылы Алматы қаласынан « Қазақ мұғалімі », «Сығанақ
жәдігерлері» және «Тарихи-мәдени мұра-Сығанақ қалашығы»тақырыбында
3 монографиясы жарыққа шықты, 3 оқу-әдістемелік нұсқау, заң
мамандықтары мен тарих студенттеріне арналған «Шетел мемлекеттерінің
құқығы мен тарихы», «Қазақстан мемлектеті мен құқығы тарихы», «Саяси
құқық оқу тарихы», «Всеобщая история государства и права», «История
государства и права респбулики Казахстан», «Құқық негіздері», «Қазіргі
педагогикалық технологиялар» атты 7 оқу құралы баспадан шықты және
«Болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің әдіс-тәсілдері» атты оқу-
әдістемелік құралы оқу үдерісінде пайдалануда.
К.М.Жетібаевтың бірнеше ғылыми мақалалары АҚШ, Египет, Қытай,
Түркия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан жерлерінде жарық көрді. Оқу
үдерісі мен әдістемелік бағыт аясында Түркия және Англия елдерінде болып
қайтқан.
30-дан астам Халықаралық және Республикалық ғылыми
конференцияларға қатысқан. 2004 жылдан бастап өзінің ғылыми бағыты
бойынша «Ежелгі және ортағасыр жәдігерлерін жалпы көпшілікке ұсыну
аясында» және «Қазақстандағы интеллигенцияның қалыптасуы» бағытында
бірнеше ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуде.
Ғалымның негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары:
- мұғалім интеллигенциясының қалыптасуы және дамуы барысы;
- тарих және археология саласының қалыптасуы мен барысы;
- тарих, тарихнама, деректану және археология саласында ғылыми
ізденістер жасау;
1. 2013 ж.«Құрмет» қоғамдық бірлестігінен «Мінсіз еңбегі» үшін
төсбелгісімен.
2. 2014 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі
үшін» төсбелгісімен.
3. 2016 ж. ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесіне орай «25 жылдық»
төсбелгісімен
4. 2016 ж. Қожа Ахмет Ясауидің 850 жылдық мерекесіне орай «Ясауи»
төсбелгісімен
5. 2018 ж. Қ.А.Ясауи университетінен «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен.
6. Сәкен Сейфуллин атындағы қоғамдық қорынан «Сәкен Сейфуллин 125
жыл» төсбелгісімен
7. 2022 ж. Сауран ауданынының «Ауданға сіңірген еңбегі үшін»
төсбелгісімен
8. 2022ж. Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі
үшін төсбелгісімен
9. 2022ж. Қожа Ахмет Ясауи университетінің 30 жылдық мерекесіне орай «30
жылдық» төсбелгісімен
10. 2021 ж. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің
Алғыс хаты
11.2023ж. 11 сәуір. ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Қазақстан
Республикасының ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҒЫЛЫМДЫ
ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды
12. Білім саласындағы қажырлы еңбегі үшін бірнеше Аманат партиясынан,
университет әкімшілігі тарапынан марапаттауларға ие.