team image
Идрисова Эльмира Кайсарбайқызы

Академиялық мәселелер вице-ректоры

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Академиялық мәселелер вице-ректоры

Телефон:
+7(725) 366-3577
Электрондық пошта:
elmira.idrissova@ayu.edu.kz
№:
220

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Академиялық мәселелер вице-ректоры

  • ҚР БжҒМ Құрмет грамотасы (2003 ж);
  • ҚР БжҒМ Ы.Алтынсарин ат. төсбелгі (2013 ж);
  • Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ 50-жылдығына арналған мерейтойлық алтын медаль (2013 ж);
  • А.Байтурсынов ат. ҚР ЖОО Ассоциациясының алтын медалі (2017 ж);
  • «Астана-20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж).

1966 жылдың 27 қыркүйегінде Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген;

2021 ж. сәуір айының 19-ші жұлдызынан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Академиялық мәселелер вице-ректоры;

2018 ж. – 2021 ж. Еуразия технологиялық университетінің (ЕТУ) академиялық және ғылыми қызметтер жөніндегі проректоры;

2015 ж. – 2018 ж. Нархоз университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры;

2014 ж. — 2015 ж. Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ жанындағы Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығының (ҚЖО) директоры;

2008 ж. — 2014 ж. Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Халықаралық Бизнес Мектебінің вице-президенті;

2006 ж. — 2008 ж. Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ жанындағы Ұлттық Банк Магистратурасының доценті, директорының орынбасары;

2004 ж. — 2006 ж. Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ біліктілікті арттыру институтының (БАИ) директоры;

2001 ж. – 2004 ж. Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ «Салық және салық салу» кафедрасының меңгерушісі;

1987 ж. – 2001 ж. Қазіргі Нархоз университетінің (әр жылдары АИНХ, КазГЭУ, КазГАУ,КазЭУ, НЭУ) «Қаржы» кафедрасының оқытушысы; аға оқытушысы; доценті, профессоры.

Қосымша ақпарат:

  • Салық салу саласындағы беделді сарапшы, Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімімен құрылған ҚР тұңғыш Салық Кодексінің құрастыру эксперттік тобының мүшесі(1999 – 2001);
  • «Салық мәдениетін қалыптастыру» қорының эксперті;
  • Қазақстан Республикасының белгілі экономикалық басылымдарында салық салу мәселелері бойынша мақалалары жарияланған. Сонымен қатар, «Шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу» ғылыми монографиясының және «Дамыған шет елдердің салықтары», «Қазақстандағы салықтар және салық салу» оқулықтарының авторы;
  • Халықаралық ұйымдар арқылы шетелдік тағылымдамалар мен бағдарламаларға қатысу, серіктес университеттердің қысқа мерзімді бағдарламаларында тәжірибе бөлісу (АҚШ, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Гонконг, Оңтүстік Корея, Швейцария, Чехия, Ресей, Грузия, Эстония, Швеция).

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.