


аға оқытушы PhD., Жиенбаев Ерлан Бейбитович
Ерлан ЖИЕНБАЕВ 1998-2002 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) түрік тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бакалавриат білімін алды. 2002 жылы ХҚТУ Тараз институтының “Шетел тілдері” кафедрасында түрік тілінің оқытушысы болып жұмысқа орналасты. 2003-2005 жылдар аралығында Түркістандағы Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-де қазақ тілі мамандығы бойынша магистратурада оқып, профессор Мейірбек Ержановтың жетекшілігімен «Қазақ және түрік тілдеріндегі ақ, көк және қызыл түстері арқылы жасалған сын есімдердің семантикасы» атты магистрлік диссертациясын сәтті қорғады. 2004 жылы Түркістан қаласында ХҚТУ Дайындық факультеті “Түрік тілі” кафедрасының оқытушысы ретінде жұмысын жалғастырды. 2009 жылы ХҚТУ Өкілетті кеңесінің шәкіртақысы арқылы , Гази университетінің Жаңа түрік әдебиеті мамандағына докторантураға қабылданды. Профессор Шериф Акташ пен доцент Айфер Йылмаздың жетекшілігімен дайындалған докторлық диссертацияның тақырыбы: «Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерінің құрылымы мен тақырыбы». 2016 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Қазақстан Республикасы БжҒМ Білім комитетінің 2018 жылғы 8 қараша күнгі шешімі бойынша докторлық дипломы нострификациядан өтті. 2016-2018 жылдар аралығында ХҚТУ Түркология институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап ХҚТУ Филология факультеті “Түрік филологиясы” кафедрасының аға оқытушы болып жұмыс істейді. 5 ақпан 2019 жылы ХҚТУ Сенат мәжілісінің №6 хаттамасы шешімі бойынша доцент м.а. атағы берілді.
PhD, доцент м.а. Ерлан Жиенбаевтың 50-ден астам мақалалары әртүрлі Республикалық және Халықаралық ғылыми басылымдарда (конференциялар, симпозиумдар, Web of Science, Scopus, Elsiver, рецензияланған журналдар мен кітап тараулары) жарияланған. Тіл мен әдебиетке деген қызығушылығымен қатар, фольклор мен түрік-ислам өнері тарихын да зерттеумен айналысады.
e-mail: yerlan.zhiyenbayev@ayu.edu.kz