


Директор орынбасары(ғылым жөнінде) PhD., Алашбаев Ерлан Жорабек
декан орынбасары
Тегі, аты-жөні: Алашбаев Ерлан Жорабекұлы
Туған күні, айы, жылы: 30.11.1979
Білімі: жоғары
Ғылыми және академиялық дәрежесі: PhD, доктор
Кәсіби мамандықтары: филолог, түрколог, әдебиеттанушы, түрік тілі мен әдебиеті аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкер
Өтетін пәндері: Ежелгі(көне) дәуір түрік әдебиеті, кәсіби түрік тілі, практикалық түрік тілі, османлы түрікшесі, ескі анадолу түрікшесі
Біліктілігі:
- 1997-2001жж. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Тарих-филология факультеті, «Түрік тілі мен әдебиеті және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, филолог» мамандығын оқыды.
- 2006-2008жж. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің магистратура бөлімінде «Түрік тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқыды.
- 2010-2016 жж. Универстетіміздің докторантура бағдарламасымен Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университетінде «Ескі Түрік әдебиеті» мамандығы бойынша PhD доктор біліктілігін алды.
Мекемедегі жұмыс уақыты:
1. 2001-2010 жылдар арасы: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық тіл үйрету орталығы түрік тілі оқытушысы;
2. 2010-2016 жылдар арасы: Анкара қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңес басқармасында ғылыми қызметкер;
3. 2015-2016 оқу жылы «Ясауи университеті Анкара қаласы Өкілетті Кеңес басқармасында магистрант және докторанттардың төрағасы;
4. 2017 жылдан бері: Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түрік филологиясы кафедрасының PhD., аға оқытушысы;
5. 2017 жылы, Түркология ғылыми зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер(қосымша);
6. 2017 жылы Университетіміздің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы;
7. 2017-2019 жылдары арасында, Филология факультетінің Ғылыми және Халықаралық қатынастар мен тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары қызметі;
8. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Хабаршы» және «Түркология» журналының сарапшысы;
9. 30.07.2020 жылдан бері, Түркия Республикасы "TDK" - Ататүрік Тіл Білімі Институның ғылыми жарияланымдар бойынша халықаралық кеңесінің мүшесі әрі ақпарат саласы бойынша корреспонденті;
10. 2021-2022 Анкара қаласы; Айдын университеті журналының сарапшысы:
11. 02.12.2021 жылдан бастап, Филология факультетінің Ғылым және Халықаралық қатынастар бойынша декан орынбасары қызметі.
Академиялық тәжірибесі: 21 жыл
Марапаттаулар:
1. Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің алғыс хаты. 15.12.2012ж.
2. "Түркістан - Түркі әлемінің бесігі" этноөнер фестиваліне белсене қатысып, оқу ордамыздың жақсы жетістіктерге қол жеткізуіне үлкен үлес қосқаны үшін Университет президенті Б.Абдрасиловтың алғыс хаты. 2019ж.
3. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерейлі мерекесіне орай еліміздің өркендеуі мен оқу ордамыздың дамуына қосқан үлесі үшін Университет ректоры Ж.Темірбекованың алғыс хаты. 14.12.2021ж.
4. Университеттің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін 30 жылдық мерейтойлық тсбелгісі: 14.12.2023ж. куәлік №438
Мүшеліктері:
- 2020 жылынан бастап «Түрк Дил Куруму(Түрік тілі институты)» ақпараттық мүшесі, Түркия республикасы.
27.12.2023 жылы Түркістан қалалық маслихаты сессиясының 01.01.2024 жылы күшіне енетін №12/53 санды шешіміне сәйкес Түркістан қаласы №103 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы.