


Сейтметова Жибек Абдраимовна
орталық директоры
Өмірбаян
Мен, Сейтметова Жібек Абдрайымқызы, 05.01.1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Бөген селосында дүниеге келдім. Ана тілім – қазақ тілі, түрік және орыс тілдерінде еркін сөйлеймін және ағылшын тілі бастапқы деңгей.
1979 жылы қыркүйек айында Кентау қаласының №24 орта мектебіне қабылданып, 1989 жылы 10-сыныпты бітірдім.
1989 жылдан 1990 жылға дейін Кентау қалалық ауруханасы, терапия бөлімінде санитар, 1990 жылдан 1991 жылдың маусымына дейін Новосибирск тігін фабрикасында тігінші болып жұмыс істедім.
1991 жылы Павлодар педагогикалық институтының филология факультеті, өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқыту жеделдетілген бағдарламасы бойынша оқып, 1993-жылы тәмамдадым.
1993-1996- жылдар арасында Павлодар қаласы №39 мектеп-гимназиясында мұғалімдік қызмет атқардым.
1997 жылы Кентау қаласының №22 мектеп.лицейінде қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істедім. 1997 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, тарих-филология факультетіне түрік тілі әдебиеті мен қазақ тілі мамандығына түсіп, 2001 жылы тәмамдадым.
2001-2007 жылдар арасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, филология факультетінде түрік тілі оқытушысы қызметін атқардым.
2007-2010 жылдар арасында ТОО «Хамле»-де кадр бөлімінің басшысы қызметін атқардым.
2010-2015 жылдар арасында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық балалр өнер мектебінде мұғалім болып қызмет атқардым.
01.09.2015 жылдан бастап филология факультеті, түрік филологиясы кафедрасының оқытушысы;
10.02.2021 жылдан бастап Мәдениет орталығы басшысы қызметін атқарып келемін.
Отбасы жағдайым – тұрмыстамын, 4 баланың анасымын.
Жұбайым: Айсынов Сырым Баденович, 26.05.1968 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Ұлым: Баден Бейбарыс Сырымұлы, 19.06.2001 жылы
Қызым: Бәден Жәнел Сырымқызы, 20.11.2003 жылы
Ұлым: Бәден Қайсар Сырымұлы, 28.10.2005 жылы
Ұлым: Дінмұхамед Сырымұлы 23.03.2012 жылы дүниеге келген.
Тұрғылықты мекен жайым: Түркістан қаласы, Суяб көшесі, №12 үй. Телефон номерім: 87014403545