team image
аға оқытушы Ғылым кандидаты, Бейсембаева Салтанат Байғазықызы

кафедра меңгерушісі

Телефон:
+7(725) 333-2124
Электрондық пошта:
saltanat.beysembayeva@ayu.edu.kz
№:
202

Бейсембаева Салтанат Байғазықызы (11.06. 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауылында туылған) – тіл білімі маманы.

Бітірген оқу орны.

1991-1996 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік   ұлттық университетін ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік бітірген. 

Ғылыми, көркем шығармашылығы мен саласы, басты жетістіктері мен еңбектері.

2003 жылдың қантар айының 8 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік   ұлттық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде «Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке» тақырыбындағы диссертациясын қорғап, 2003 жылдың маусым айының 23 жұлдызында ҚР БҒМ Білім және Ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша    филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

Бейсембаева Салтанат Байғазықызының тіл білімінің өзекті мәселелеріне арналған 50-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған (1 сөздік, 1 монография, 5 оқу және оқу-әдістемелік құралдары). Мақалалары Ресей Федерациясы, Америка, Дубай, Қытай, Польша, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің ғылыми журналдарында жарық көрген.

Еңбек еткен жылдары мен жерлері, қызметтері, лауазымдары.

2001-2003 Қазақ-Ресей институты “Тіл және әдебиет” кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды.

2003 Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университеті “Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі” кафедрасының аға-оқытушысы қызметін атқарды.

 2003-2006 қосымша Қазақ-Ресей институты “Тіл және әдебиет” кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2006-2007 қосымша Қазақ-Ресей институтының деканы қызметін атқарды.

2007-2008 Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университеті “Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі” кафедрасының аға-оқытушысы қызметін атқарды.

2009-2010 Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университеті Филология факультетінде ғылым жұмыстары бойынша декан орынбасары қызметін атқарды.

2010-2012 Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университеті Спорт және өнер факультетінің деканы қызметін атқарды.

2013-2015 Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университеті «Әлем тілдері» кафедрасының доц.м. а. қызметін атқарды.

2016 жылдан бүгінгі күнге дейін «Әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

Бейсембаева Салтанат Байғазықызы ғылыми-педагогикалық еңбектері ескеріліп, университеттің оқу-тәрбие жұмыстарындағы озық жетістіктері мен университеттің халықаралық деңгейде дамуына қосқан үлесі үшін университет Президентінің алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің грамотасымен,  Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының құрмет грамотасымен, Түркістан қаласының білім бөлімінің, Түркістан қаласының сазды-драма театрының алғыс хаттарымен марапатталған. 2017 жылы  2018 жылы желтоқсан айының 10 жұлдызында Қазахстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін КР Білім және ғылым министрлігінің  «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. 2021 жылы Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хатымен, 2022 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл комитетінің алғыс хатымен марапатталды.

Отбасы жағдайы.

Тұрмыста. Бір қыз, бір ұл тәрбиелеуде.

Тұрғылықты жері: ОҚО, Түркістан қаласы

Тел: 87025090916 электронды пошта: saltanat.beysembayeva@ayu.edu.kz

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.