team
профессор Ғылым докторы, Еркибаева Гульфайруз Гинаятовна

Телефон:
Электрондық пошта:
gulfairuz.yerkibayeva@ayu.edu.kz
№:
202

1.Тегі, аты, әкесінің аты: Еркибаева Гульфайруз Гинаятовна

2.Қызметі, жұмыс пен қызмет орны (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, министрліктің, мемлекеттік комиететтің бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек): ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Филология факультеті, «Әлем тілдері» кафедрасының  профессоры

3.Жынысы: әйел

4.Туған жылы мен мекен жайы: 19 ақпан 1952 жылы Көк-су ауылы, Шардара ауданы Оңтүстік облысы

 5.Ұлты: қазақ

6.Білімі: 1970-1974 жж Шымкент педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша үздік бітірді, 2006-2008  жж Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қазақ тілі мен әдебиетінің бакалавры мамандығын үздік бітірді. 

7.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: педагогика ғылымдарының докторы, профессор 

8.Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты: жоқ

9.Үйінің мекен-жайы  Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтек ауданы, 145 үй, 16 пәтер 

10.Жалпы жұмыс өтілі  52 жыл

11.Салалық  жұмыс стажы - 52 жыл

12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі - 17 жыл

13. Наградталушының  нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме

  Еркибаева Гульфайруз Гинаятовна, 1952 жылы туылған, ұлты - қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы.

Еңбек жолын мектеп мұғалімінен бастаған. 1974 жылдан -1996 жылға дейін ОҚО Шардара ауданы Шардара аулында Ш.Уәлиханов орта мектепте мұғалім, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі болып жұмыс жасады.

1995 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады.

1996-2004 жылдар аралығында ОҚО Жетысай қ. «Сырдария» университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, ғалым хатшы қызметін атқарды.

2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Д.14.09.04 диссертациялық кеңесінде докторлық диссертацияны қорғады.

2004-2005 жылдары «Мирас» университетінде ғылым жөніндегі вице-президент қызметін атқарды.

2005 жылдан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты «Педагогика» кафедрасының профессоры қызметін атқарып келді.

2012 жылдан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Әдістемелік бөлім» басшысы, Әлем тілдері кафедрасының профессоры болып жұмыс атқарды.

2007 жылы ЖАҚ-тың профессоры болды.

2009 «Жоғары оқу орынның ең үздік оқытушысы» грант иегері болды. Сол гранттың есебімен Қытай, Жапония, Корея, Латвия, Польша, Швеция, Түркияда болды. 

Ғылыми-педагогикалық өтілі - 52 жыл.

900-ге жуық ғылыми еңбек жарық көрген, оның ішінде 15 оқулық, 12 электрондық оқулық, 40 оқу құралы, 16 монография, 60 әдістемелік құрал, 

Мақалалары Америка, Туркия, Таиланд, Қытай, Қырғызстан, Өзбекістан, Қарақалпақстан, Грекия, Ресей, Германия, Чехия, Польша, Латвия, Эстония, Ұлыбритания, Кипр, Украинада басылып шықты.

     4 монография - Ресейде, 6 монография алыс шетелдерде басылып шықты (Германияда –5, Чехияда -1).

      18.02.2014 жылы Esik (Ресей Жаратылыстану академиясы, Германяның Жаратылыстану академиясы, Германияның Кітап Палатасы, Ұлыбританияның  Жаратылыстану академиясы) бірлестігінің «Трудом и знанием» орденмен мараппаталды. 

21.03.2014 жылы Ресей Жаратылыстану академиясының «Заслуженный деятель науки и образования» төсбелігісімен мараппаталды.

      3 алтын медаль  алған «Еуропалық сапа», «К.Ушинский»,  «Жоғары білімдегі жаңашыл жұмыстары үшін».

     «Ғылыми мектептің негізін қалаушы» номинациясы бойынша төс белгі және сертификат алды.

2015 жылы Парижде (Франция)  өткен «кітап Салонында» «Общие основы дидактики средней школы» оқулығы алтын медалмен мараппаталды. 

2020 жылы Ресейден «Отличник народного образования» төс белігісін алды.

    Ы.Алтынсарин медалімен және «Кәсіподаққа еңбегі сінген қызметкер» медалімен мараппаталған, А.Байтұрсыновтың күміс медалімен мараппаталды. 

      2017 жылы «Ясауи» мен «Ұлағатты ұстаз» төсбелгіренін алды.

      2020 жылы «Қазақстанның құрметті ұстазы», «Қазақстанның үздік педагогы», «Қазақстанның құрметті профессоры» төс белгісі мен дипломдарын алған. «Халық ағарту ісінің үздігі» төс белгісімен, «ТМД-ының үздік педагогы -2021» төс белгісі мен дипломының иегері.

     Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының,  Ресей жаратылыстану  академиясының, Халықаралық педагогикалық білімнің ғылым академиясының академигі болып сайланды.

Профессордың жетекшілігіммен 7 аспирант кандидаттық диссерацияларын қорғады.

Жалпы орыс тілі мен қазақ тілі бойынша, педагогика саласы бойынша оқу-әдістемелік құралдары, монографиялары, оқу құралдары, оқулықтары оқу процесіне еніп, студенттердің қолдануында.

2021 жылы «ЖОО үздік оқытушысы -2020» грантты жеңіп алды.

 

Жанұясы бар, жұбайымен екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.