


доцент Ғылым кандидаты, Садыков Сейдулла
Аты жөні: Садықов Сейдулла
Мекен жайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Т.Озал көшесі, №14 үй
Телефоны: (моб.: 8-702-477-20-56, 8-771-793-81-31), seidulla.sadykov@ayu.edu.kz
Туған жылы және жері: 27. 09. 1951 ж. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Мақталы ауылы
• Ұлты: қазақ
• Жанұя жағдайы: отбасылы
• Азаматтығы: ҚР
Білімі: Жоғары
1972-1977 жж. Алматы қаласы, С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік
университеті, Журналистика факультетінің студенті.
Мамандығы: журналист
Жалпы еңбек стажы: 55 жыл.
Журналистік қызметі: 1977-1987 жж. Қазақстан КП насихат және үгіт бөлімінің
жолдамасымен Алматы облыстық «Жетісу» газетінде меншікті тілші.
Педагогикалық стажы: 36 жыл; 1987-1994 жж. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Журналистика
факультетінің аға оқытушысы; 1994 жылдан Қожа Ахмет Ясауи ат.
Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті; кафедра меңгерушісі,
университет профессоры.
Кафедрасы: Журналистика, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті.
Ғылыми дәрежесі, атағы: 1993, 26.06. – Ресей Федерациясы, М.В.Ломоносов ат. Мәскеу
Мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесінде 10.01.10 –
Журналистика саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған;
2012, 29.03. - Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің
диссертациялық кеңесінде 10.01.10 – Журналистика саласы бойынша
докторлық диссертация қорғаған;
2014, 16.06. – Бақылау комитетінің шешімімен Әдебиеттану мамандығы
бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілген.
Тілдерді білуі: қазақ тілі – өз тілім, орыс тілі - еркін, өзбек, түрік тілдері – сөздікпен
Ұстанымы, қызығушылығы: Қазақ елінің, қазақ халқының мәртебесі. Президент
Жолдаулары мен еңбектерінің үздік насихатшысы.
Ғылыми еңбектері: Америка, Қытай, Германия, Нидерланды, Ресей, Түркия, Өзбекстан,
Әзербайжан, Қырғызстан елдерінің ғылыми басылымдарында жарияланған.
Импакт-фактор журналдарында 8 мақаласы жарық көрген.
Ғылыми еңбектерінің саны 100-ден астам, оның ішінде 3 оқулық, 3 монография, 5 оқу құралы, әлем тілдерінде жарық көрген 7 ғылыми мақалалар жинағының авторы. Халықаралық, республикалық конференциялар мен Халықаралық симпозиум, конгрестерде 20-дан астам баяндама жасаған. 2015 жылы «Казахи. Вопросы идентификации и идентичности и печать Казахстана» атты монографиясы Германияның «Palmarium Academic Publishing» академиялық баспасынан жарық көрген. Монографиялар топтамасы үшін ҚР Жоғарғы оқу орындары Қауымдасығы
2017 жылы жариялаған конкурста «Үздік монография» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Мамандығы бойынша марапаттары:Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты – 2002; республика «ЖОО үздік оқытушысы – 2012», ТУРКСОЙ-дың А.Байтұрсынов медалінің иегері.
Қоғамдық жұмыстары: «Аманат» партиясының мүшесі, университет ардагерлер кеңесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымының мүшесі.