


Акназарова Раушан Жанибековна
Өмірбаян
Мен, Ақназарова Раушан Жәнібекқызы 1984 жылы 7 маусымда Оңт.Қазақстан облысы ( қазіргі Түркістан облысы) Мақтарал ауданы Асықата кентінде дүниеге келдім.1990 жылы №56 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің табалдырығын аттап, 2001 жылы №9 Қайнар орта мектебін тәмамдадым. 2002 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің философия мамандығына грант негізінде оқуға қабылдандым. Философия бакалаврын 2006 жылы үздік аяқтап, аталған жылы осы жоғарғы оқу орнының мәдениеттану мамандығының магистратурасына грант негізінде оқуға түстім.Магистратураны 2008 жылы аяқтап, мәдениеттану магистры дәрежесі дипломын алдым.
2010-2019 жыл аралығында Түркістан қаласындағы «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде философия және мәдениеттану пәнінің жоғарғы санатты оқытушысы қызметін атқардым. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қоғамдық ғылымдар кафедрасында магистр оқытушы қызметін атқарып жатырмын.
Отбасылымын. Жолдасым Шайхидинұлы Жанатбек №1 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясында география пәнінің мұғалімі қызметін атқарады. Ұлым Шайхидин Айдын Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9- сынып оқушысы. Екінші ұлым Шайхидин Әлинұр «Farabi school» мектебінің 3 -сынып оқушысы. Үшінші ұлым Шайхидин Әлимансұр «Диана» бала-бақшасының тәрбиеленушісі.Төртінші ұлым Шайхидин Әділжан .