Өмірбаян
ӨМІРБАЯН Мыңбаев Бекарыс Зейналиұлы 1964 жылы 7 тамызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, 1 Май ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Қаракөл совхозы орта мектебінің 1 класына барып, 1981 жылы Шиелі ауданы, Сырдария совхозы, №152 Жөлек орта мектебін бітірген. 1981-82 жылдары Шиелі ауданы, Сырдария совхозында жұмысшы болып істеген. 1982-87 жылдары Алматы Қазақ ауылшаруашылығы институтының механикаландыру факультетін бітірген. Мамандығы инженер-механик.1987-88 жылдары Сырдария совхозының бригадир көмекшісі, автомеханик, совхоз комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.1988-92 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.1992-95 жылдары Шиелі ауданы әкімшілігі жастар ісі, спорт және туризм комитетінің бас маманы қызметін атқарған.1995-96 жылдары Шиелі ауданы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.1996-2004 жылдары Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті компьютер бөлімінің операторы, инженер-электроншысы, жетекші инженері қызметтерін атқарған.1998-2002 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің экономика факультетін бітірген. Мамандығы экономист-менеджер.2004-2016 жылдары Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Ақпараттық технология орталығының басшысы қызметін атқарған.2016 жылдан бастап Кентау қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Кентау институтының Ақпараттық технология (ақпараттық ресурстық) бөлімінің басшысы қызметін атқарады.2025 жылдың 25-ші қазанынан бастап Кентау кампусы директорының м.а. қызметін қоса атқарады.Жанұялы.Университет ғимараттарын талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосудың техникалық шарттарын және жобасын жасаған, университет бойынша Wi-Fi желісін енгізген, Microsoft-тың Ақпараттық технологиялар академиясының оқуларын ұйымдастырған, университет бойынша басқарудың бірыңғай автоматтандыру жүйесін енгізген, ақпараттық қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін - “Ситуациалық орталық”, стандартқа сай “Сервер бөлмесі” жасаған. Университет Басқару Кеңесінің мүшесі және Сенат мүшесі болып сайланған..Университеттің 20 жылдығы, 25 жылдығы құрметіне Ясауи медальі, 30 жылдығы төс белгілерімен марапатталған. Университеттің Алғыс хаттары, Түркістан қаласы НұрОтан партиясы филиалының Алғыс хаттары, Кентау қаласы Әкімінің, Мәслихатының және Аманат партиясы филиалының Алғыс хаттарымен марапатталған.
Басқару қызметтері
-
Кентау кампусыФилиал директоры
Оқу ақпараттары:
-
КазСХИ
Магистратура -
МКТУ
Бакалавр


