Сахитжанова Зада Омарғазықызы (07.01.1971 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған) - ағылшын тілі маманы, филология ғылымдарының кандидаты. 1993 жылы Алматы шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. 1993 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жемісті қызмет етіп келеді. 2010 жылы 10.01.09 - Фольклортану мамандығы бойынша «Көрұғлы»жырының еларалық нұсқалары:генезисі мен типологиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Сахитжанова Зада Омарғазықызы - ғылыми-зерттеу бағыты бойынша халықаралық деңгейде жемісті еңбек етіп, ғылыми семинарларда ерекше қырымен танылып, ғалымдар арасында жоғары бағаланып жүрген ғалым.Студенттердің ғылыми-теориялық конференцияларында жетекшілік жасаудағы еңбектері де айтуға тұрарлық. Оның жетекшілігімен жүргізілген 1 ғылыми-зерттеу жұмысы Қазақстан республикасы жоғарыоку орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсында жүлделі 3-орынға ие болды.2014-жылы «Өрлеу» бағдарламасымен Англияның Ньюкасл университетінде, 2015-жылы «Болашақ» бағдарламасымен Нидерландының Лейден университетінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті. Оның ғылыми-педагогикалық еңбектері ескеріліп, Университеттің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Ұлағатты ұстаз» төс белгісімен және бірнеше рет алғыс хаттарымен марапатталды.Отбасылы, екі ұлдың анасы.
Оқу ақпараттары:
Алматы шет тілдер педагогикалық институты Бакалавр
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ғылым кандидаты
Тағылымдама / Сертификат:
Как проводить онлайн-уроки и организовывать эффективное цифровое сотрудничество (2022 г.)