


аға оқытушы Магистр , Макенова Гаухар Тәңірбергенқызы
Мен, Макенова Гаухар Тәңірбергенқызы 1983ж 28-шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келдім. Ана тілім – қазақ тілі.
1989ж Қазақстанның 30 жылдығы ауылындағы Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2000ж бітіріп шықтым.
2000ж Алматы қаласы, Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар унисерситетіне Ағылшын тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2002ж отбасылық себептермен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ағылшын филологиясы мамандығына ауыстым.
2004 ж Филолог, ағылшын тілі, әдебиеті және түрік тілдері оқытушысы біліктілігі берілді.
2004-2006 жж Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ағылшын тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша филология магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесі берілді.
2004-2022 жж аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ағылшын филологиясы кафедрасында оқытушы қызметін атқардым.
2021ж ХББ НЗМ-де уақытша ағылшын тілі мұғалімі қызметін атқардым.
2022-2023 оқу жылында Сауран ауданы, Әшірбек Сығай атындағы ЖББМ-де ағылшын тілі мұғалімі қызметін атқардым.
2023ж 1-қыркүйегінен бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасына аға оқытушы қызметіне қайта қабылдандым.
Отбасылымын. Жолдасым – Назаров Ораз (1979ж) Әшірбек Сығай атындағы ЖББМ-де қазақ тілі мұғалімі. Қызым Баймаханбет Арай 2005ж туылған. Көкшетау мемлеткеттік университетінің студенті. Ұлдарым Баймаханбет Ерасыл (2007ж), Баймаханбет Нұрасыл (2007ж), Баймаханбет Айсұлтан (2014ж), Баймаханбет Әлихан (2015ж) – мектеп оқушылары, Баймаханбет Ахмет (2021ж) – балабақшада.
Мен және менің туыстарым сотты болмаған. Тұрғылықты мекен-жайым Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шаға а\о, Ынтымақ ауылы, Темірқорған көшесі 7а үй.
Телефон + 77077089013