


аға оқытушы PhD., Баймбетова Жанар Пернебаевна
Мен, Баймбетова Жанар Пернебайқызы, 1984 жылы, 19 қарашада Түркістан қаласында дүниеге келдім. Менің ұлтым - қазақ. Жанұялымын, жұбайым техника ғылымдарының кандидаты, 3 ұлдың анасымын. Түркістан қаласындағы № 9 Некрасов атындағы мектеп гимназиясын 2001 жылы бітірдім. 1992 жылы музыкалық метепке барып,1997 жылы домбыра аспабы бойынша аталмыш мектепті бітірдім. 2005 жылы, Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітіріп, ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алдым. 2005 жылы Түркістан қаласындағы № 17 Ата Түрік атындағы мектеп гимназиясында ағылшын тілі пәні мұғалімі болып қызмет етуді бастадым. 2010 жылы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша магистр дәрежесін алдым. 2010 жылы аталмыш университетте, гуманитарлық пәндер кафедрасында ағылшын тілі пәні оқытушысы болып қызмет етуді бастадым. 2011-2013 жылдар арасында шет тілі кафедрасында қызметімді жалғастырдым. 2013 - 2014 жылы Ахмет Ясауи университетінің тіл үйрету дайындық факультетінің шетел тілдері кафедрасында қызмет етіп 2014 жылы аталмыш кафедраның үздік оқытушысы марапатын иемдендім. 2014-2016 жылдары Түркия Республикасы, Ыстамбұл қаласындағы Балканлар колледжі шетел тілдері кафедрасында ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметін атқардым. Бос уақытымда 2014-2016 жылдар арасында Ыстамбұл қаласы, Тузла әкімшілігіне қарасты жастар орталығында ағылшын тілі пәні мұғалімі болып қосымша қызмет атқардым. 2016 - 2021 жылдары Анкара қаласы тіл үйрету орталығында ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметін атқардым. 2021 жылы Анкара қаласы, Гази университетінен, ағылшын тілінен білім беру бөлімінен PhD дәрежесін алдым. 2021 жылы, қыркүйек айынан бастап Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті, педагогикалық шетел тілдері кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарудамын.