❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Каракулова Улбосын Ержановна
Магистр , аға оқытушы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
№4 оқу ғимараты
Бөлім
Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы
Кеңсе номері
307-бөлме

Өмірбаян

ӨмірбаянМен, Каракулова Улбосын Ержановна 1967 жылы, 17 ақпанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тасбөгет қалашығында дүниеге келдім.1974-жылы Қызылорда облысы, Тасбөгет қалашығындағы  № 11 орта мектептің 1-сыныбына барып, оны  1984 жылы бітірдім. 1984-1985 жылдар аралығында Қызылорда тоқылмайтын маталар фабрикасында жұмыс істедім.1985 жылы  Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының Филология факультеті, ағылшын және неміс тілдері мамандығына оқуға түсіп,  аталған оқу орнын 1990 жылы бітірдім.1990 тамыз —1993 тамыз аралығында Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы №101 орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасадым.  1993 қыркүйек  — қазіргі уақытқа  дейін    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Педагогикалық шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарып келемін.  2017-2019жылдар аралығында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің6М011900-Шетел тілі:екі шетел тілі мамандығын бітіріп, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алдым.

Оқу ақпараттары:

  • Қызылорда облысы, Тасбөгет қалашығындағы № 11 орта мектеп
    Орта мектеп
  • Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты
    Бакалавр
  • Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
    Магистратура

Ғылыми метрикалар

ORCID
ORCID ID https://orcid.org/0009-0006-1248-0939
Тағылымдама / Сертификат:
  • Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайтуKZEMP/DS-02 жобасы аясында жоғары білім бағдарламасын әзірлеу және силлабус құрастыру дағдылары бойынша кәсіби біліктілігін арттыру (160сағ) (2024 г.)
  • Курсера-Orchestrating Whole Classroom Discussion (2023 г.)
  • Methods in Action-Coping with heterogenity in the classroom (2022 г.)
  • Инклюзивті білім беру (2020 г.)
  • Шетел тілін оқыту тәжірибесінде қашықтықтан оқыту (2020 г.)