


аға оқытушы Магистр , Адилбаева Рсалды Құрмашқызы
Мен, Әділбаева Рсалды Құрмашқызы 1973 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылында дүниеге келдім. Мен көп жанұялы отбасында тәрбие алдым. Алғашқы мектеп табалдырығын №158 С.М.Киров атындағы орта мектепке қабылданып, 1990 жылы ойдағыдай бітірдім.
1991 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтына түсіп, Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің ағылшын және қазақ тілі мамандығы бойынша 1996 жылы бітіріп шықтым.
1996 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-не жұмысқа орналастым. Қазіргі таңда Университетіміздің филология факультеті, Педагогикалық шетел тілдері кафедрасында еңбек атқарып келемін. Осы жылдар төңірегінде, шетел тілі ағылшын тілінің граматикасы, ағылшын тілінің фонетикасы, ағылшын тілін үйретудің әдістемесінің пәндерінен лекция оқып, практикалық сабақтар жүргізіп келемін.
2014-2015 оқу жылдары Болашақ програмасы бойынша Нидерланды мемлекетінде 3 айлық тағылымдамадан өтіп, Лейден Университетінде білімімді шыңдап келдім.
2023-2024 оқу жылдарында Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінің Хабаршысы №3 (2023) және сонымен қатар Яссауи Университетінің Хабаршысы №2 (128) 2023 журналдарында мақалаларым жарық көрді.