Өмірбаян
Алдабергенова Жанна ЖайлаубайқызыАлдарбегенова Жанна Жайлаубайқызы — тележурналист, білікті медиаменеджер және «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты. Ол медиа саласында 19 жылдан астам уақыт бойы телеарна, радио, баспа және жоғары оқу орындарында жемісті еңбек етіп келеді.Білімі мен ғылыми жетістіктері:2003–2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша тәмамдады.2007–2009 жылдары сол факультаетте магистратурада оқып, журналистика магистрі академиялық дәрежесін алды.2019–2022 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің докторантурасында білім алды.2023 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы New York Film Academy (NYFA) оқу орнында Broadcast Journalism бағыты бойынша кәсіби біліктілігін арттырды.Сонымен қатар, Түркия мемлекетінде кәсіби деңгейде ғылыми тағылымдамалардан өтіп, арнайы тренингтерге қатысты (2017 жылы TRT базасында, 2021 жылы Ankara Haci Bayram Veli университетінің коммуникация факультетінде).Еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесі:Жанна Жайлаубайқызының еңбек жолы отандық телерадио және бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланысты:2006 жылы «Рахат» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы болды.2007–2008 жылдары Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі қызметін атқарды.2008–2011 жылдары «Хабар» арнасында штаттан тыс редактор, сценарист, шеф-редактор және жүргізуші ретінде еңбек етті.2011–2024 жылдары «Хабар» телеарнасының продюсері, аға редакторы лауазымын абыроймен атқарды.2024 жылдан бастап «Turkistan» арнасының басқарушы директоры қызметін атқарып, өңірлік медианың дамуына үлес қосып келеді.Академиялық және ұстаздық қызметі:Практикалық жұмысымен қатар педагогикалық қызметпен де белсенді айналысады. Әр жылдары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Нәрікбаев Университетінде дәріс оқыды. Қазіргі таңда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының тұрақты лекторы және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы-магистрі ретінде жас мамандарды тәрбиелеуде.Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген, ағылшын тілін Upper-Intermediate деңгейінде меңгерген. Байланыс:Тел.: 8778 222 5511Email: zhanna.zhaylaubay@gmail.com
Оқу ақпараттары:
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универмиттеті
Магистратура


