


Автобиография
Мен Ильясова Куляш Оринбасаровна, 17.03.1963 ж Чимкент облысы, Кентау қаласы Ащысай кенішінде дүниеге келдім. Сол жерде 1970-1980 жж Жамбыл атындағы №7 орта мектебінде оқыдым. 1980-1986 жж Алматы қаласында Алматы Мемлекеттік Медициналық Институтының педиатрия факультетінде оқыдым. 1986-1987 жж Кентау қалалық медициналық орталығында интернатура өттім. 1987-1994 жж Кетау қаласында дәрігер-педиатр, балалар және ересектер дәрігер эндокринолог маманы ретінде жұмыс істедім,
1994-2014 жж аралығында Шымкент қаласында Облыстық эндокринология диспансерінде дәрігер эндокринолог, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, Бас дәрігер қызметін атқардым.1996-2014 жж ОҚО ДСБ –ның штаттан тыс бас эндокринологы қызметін атқардым. 1996-2011жж ОҚМА факультеттік терапия эндокринология курсымен кафедрасында ассистент кызметінде жұмыс істедім№ 2010 жж медицина ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғадым. 1996 жылдан бері Қазақстан Эндокринологтары Ассоцияциасының, ҚР Диабеттік Ассоцияциасының мүшесімін.
Тұрмыс құрғанмын: жұбайым: Аханов Сейдехан Усенович, 1958 ж/т- жасына сай пенсионер; Ұлым Аханов Қуаныш Сейдеханұлы-1988 ж/т- мемлекеттік қызметкер- Шымкент қалалық маслихатт- бас маманы; Қызым Аханова Қаламқас Сейдехановна- Бостон Университеті магистрі.