team
доцент Ғылым кандидаты, Адиева Пакизат Минаваровна

Факультет директорлар кеңесінің мүшесі

Телефон:
Электрондық пошта:
pakizat.adiyeva@ayu.edu.kz
№:

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетін Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, филолог мамандығы бойынша бакалавриатты 2002 жылы бітірген. 
2002-2004 жылдары аталмыш университетте "Қазақ әдебиеті" мамандығы бойынша магистратураны үздік дипломмен бітірген.
2004-2006 жылдары Аспирантураны бітірді. «Қазақ фольклорындағы диалогтың көркемдік қызметі» тақырыбында Филология ғылымдарының кандидаттығын (2010 жыл) қорғады,  доцент (2018ж.).  

Еңбек өтілі:
2003-2007 жылдары Түркістан қаласындағы Орыс және Қазақ Университетінде "Тіл және әдебиет" кафедрасында оқытушы; 
2007-2009 жылдарда Шардара қаласындағы Мәдениет орталығында қызметкер;
2010-2013 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Түркия тарапындағы Анкара қаласында орналасқан Өкілетті кеңесте ұйымдастырылған "Өнер тобының" солисті; 
2013-2015 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ЖООКББИ-ның Докторантура сектор меңгерушісі;
2013-2015 жылдары Кентау институты, Бейіндік пәндер кафедрасының доцент м.а. қызметінде;
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазақ филологиясы» кафедрасының доцент м.а. қызметінде.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазақ филологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) қызметінде.

Ғылыми жобаларға қатысуы:
2012-2013 жылдары, жоба жетекшісі: «Түрік және қазақ халық біліміндегі тыңдаушы және орындаушы өнері» тақырыбында Түркиядағы (TUBİTAK) Халықаралық ғылыми (жоба) грантының иегері; 
2015-2018  жылдары, жоба мүшесі: «ҚР ҰҒА академигі Р.Бердібай еңбектері мен зерттеулерінің  түркілік және этнопедагогикалық әлеуеті» (28.10.15. № 0115РК00686, қаржыландырушысы – ҚР БжҒМ). 
2016-2017  жылдары, жоба мүшесі: Өзбекстанның Самарқанд, Бухара, Хива, Ташкент қалаларына келетін халықаралық туристердің Арыстан-баб және Ахмет Ясауи кесенелерін зиярат етуге тарту мәселелері және шешу жолдары (1.10.2016-30.092017ж..  Келісім-шарт №16/2596) Жобаның ғылыми жетекшісі – Н.Абишов. Түркия Республикасының Гранттық қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобалары. 
Скопус және Томсон Рейтерс базаларында бірнеше мақалалары жарияланған.    
«Қазақ фольклорындағы диалогтың концептуалды мәселелері» атты монографиясы бар.
2016-2017 оқу жылында Университет бойынша оқытушы-профессорлар арасындағы  Рейтинг нәтижесінде алғашқы ондықта.
        Кәсіподақ ұйымдарына мүшелік: ХҚТУ әйелдер кеңесінің мүшесі

Марапаттар мен сыйлықтар:  
    Облыстық О.Бөкей шығармашылығына байланысты ұйымдастырылған конкурстың екінші дәрежелі дипломанты;
Шардара қаласындағы «Келіндер сайысының» бас жүлдегері, Шардара қаласында ұйымдастырылған «Үздік журналист» сайысының бірінші орын иегері, Шардара қаласында ұйымдастырылған «Абайды тану-қазақты тану» сайысының бірінші орын иегері.
    2011-2012 жылдары, Түркия мемлекетінің Кожаелі қаласында өткен Халықаралық Дәстүрлі әндер бойынша "Түркі дүниесіндегі Әйел жыршылар" атты және екі рет ұйымдастырылған Адана қаласындағы "Түркі дүниесіндегі Дәстүрлі әндер мен жырларды орындау шеберлігі" атты конкурстың жеңімпазы атақтарын алған. 
    2012 жылы, Түркия мемлекетінің Анкара қаласында орналасқан Гази Университетінде Дәстүрлі қазақ әндерін таныту барысында жеке концертін берген.
2012 жылы, Гази университетінде «Қазақ халық ауыз әдебиеті» бойынша лекция жүргізген.
    Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  алғыс хаттары мен мерекелік құттықтауларымен марапатталған. (2013-2014ж)

Сабақ беретін пәндері:
       «Қазақ тілінің семантикасы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Түркі филологиясына кіріспе», «Түркология тарихы», «Шешендік өнер», «Қазақ халық ауыз әдебиеті», «Ежелгі дәуір және хандық дәуір әдебиеті», «Әлем әдебиеті», «Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу», «Қазақ тілі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қазақ әдебиетінің әдістемесі» атты пәндерден сабақ береді.

 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.