Өмірбаян Мен, Қошанова Нағима Данабековна, 12.08.1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Алғабас ауданы, Шаян ауылында мұғалім отбасында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1967 жылы Қ.Сыпатаев ауылында Қ.Сыпатаев мектебіне бастауышқа барып, 1975 жылы осы мектептің сегізжылдығын бітірдім. 1975-1979 жылдары Түркістан қаласында Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищесінде оқыдым. 1979-1984 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Филология факультеті, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқып бітірдім. 1984-1985 жылдар арасында Алматы қаласында №1 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқардым.1985-1992 жылдар арасында Отырар ауданы Арыс елдімекенінде Т.Ибрагимов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет еттім.1992 жылдан бері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультеті қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызмет атқарып келемін. 1995 ж «Қазіргі қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің синтаксистік қызметі» тақырыбында филология ғылымының кандидаттығын ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында қорғадым. 2006 ж тіл білімі мамандығы бойынша доценті ғылыми атағын алдым. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, тұрақты тіркестерінің сөйлемдегі синтаксистік қызметі. Осы бағытта 70 шақты ғылыми мақалалары, екі монографиясы мен 4-5 оқу құралым барОтбасылық жағдайым: екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған анамын.Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, тұрақты тіркестерінің сөйлемдегі синтаксистік қызметі тақырыптары ғылыми бағытым болып табылады. Қошанова Нағима Данабековна
Білімі туралы ақпарат
Оқу орны
Түркістан қаласында Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищесі
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің
ҚР ҰҒА
Сертификаттар
"Тіл және әдебиетті оқытудың инновациялық әдістері мен технолониялары" (2022 г.)
"Введение в языкознание" (2021 г.)
"Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі" (2020 г.)
"Қазіргі қазақ тілінің негіздері" (2020 г.)
"Инклюзивті білім беру" (2020 г.)
"Функционалды грамматика" (2020 г.)
"Жоғары мектепте қазақ тіл білімі салаларын оқытудың теориялық -тәжірибелік мәселелері" (2020 г.)
"Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау" (2020 г.)
"Қазақ тілі әліпбиән латын графикасына көшіру жағдайында жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру" (2019 г.)
"Жаңартылған білім беру жағдайында "Қазақ тілі" пәнін оқыту үдерісінде білім алушылардың креативті ойлау қабілеттерін дамыту" (2019 г.)
түркі тілді студенттерге қазақ тілін оқыту үдерісіндегі жаңа технологиялар (2019 г.)
"Білім берудің заманауи тенденциялары мен парадигмалары, Жаңартылған блім беру жүйесінің ерекшеліктер: дәстүр мен жаңашылдық"" (2018 г.)
"Білім берудің заманауи тенденциялары мен парадигмалары, Жаңартылған блім беру жүйесінің ерекшеліктер: дәстүр мен жаңашылдық"" (2018 г.)