❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Мағжан Сәуле Мағжанқызы
Ғылым кандидаты, Доцент міндетін атқарушы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
Бөлім
Қазақ филологиясы кафедрасы

Өмірбаян

ӨмірбаянМен, Мағжан Сәуле Мағжанқызы, 1970 жылы 15-ші ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылында дүнииеге келдім. Ұлтым – қазақ.1977 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылында №54 Октябрь орта мектебінің 1-ші класына барып, аталған мектепті 1987 жылы бітірдім. Еңбек жолымды 1987 жылы «Арайлым» комсомол жастар бригадасында құрылысшы болып бастадым. 1988 жылдың қыргүйегінен Талап музыкалық мектебінде мұғалім қызметін атқардым. 1993-1995 жылдар аралығында «Тамшы» жастар комитетінде хатшы қызметін атқардым.1995-1999 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында «Ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша оқып, үздік дипломмен бітірдім.2000-2007 жылдар аралығында Ресей университетінде оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқардым.2007 жылдың 24 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Момынованың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көп мағыналылығы» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғап алдым.2007 жылдан күні бүгінге дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қазақ филологиясы кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келемін. Отбасымда 1 ұл тәрбиелеп өсірдім.Қазір Түркістан қаласы Гауһар ана көшесі 53 үйде тұрамын. Байланыс телефоным: 87013032270.

Білімі туралы ақпарат

Оқу орны

  • № 54 Октябрь орта мектебі
  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесі

Сертификаттар

  • Тіл және әдебиетті оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары (2022 г.)
  • Қазақ тілі пәнінен 72 сағаттық курс (2020 г.)
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен 72 сағаттық курс (2020 г.)
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы пәнінен 72 сағаттық курс (2020 г.)
  • Қазіргі қазақ тілінің ғылыми лексикологиясы пәнінен 72 сағаттық курс (2020 г.)
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау (2020 г.)
  • Білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында білім сапасын жоғарылату мүмкіндіктері (2020 г.)
  • Түркі тілді студенттерге қазақ тілін оқыту үдерісіндегі жаңа технологиялар (2018 г.)
  • Білім берудің заманауи тенденциялары мен парадигмалары (2018 г.)
  • Жоғары оқу орындарында оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары (2018 г.)

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.