Мен 1963 жылы 3 ақпанда Оңтүстік Қазақстан Шымкент облысы, Ленин ауданы, село Ленинскіде туылдым. 1970 жылы Түркістан қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектепке бардым, 1980 жылы мектепті тәмәмдадым. 1980 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтқа қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түстім, 1984жылы бітірдім. Институтты 1984 жылы бітіріп, Шардара ауд."Қазақстан"орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиет пәнәнің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 1985 жылы Түркістан ауд.Шорнақ елдімекеніндегі “Фрунзе” мектебіне ауыстым. 1992 жылы Түркістан қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектепке қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 1996 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің “Қазақ тілі” кафедрасына оқытушы қызметіне қабылдандым. 2005 жылы “Мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық тұрғыдан топтастыру принциптері” деген тақырыпта канд.диссертациямды қорғадым. 2005 жылы “Қазақ, орыс және ағылшын тілдері” кафедрасының меңгерушісі қызметіне ауыстым. 2006 жылы “Қазақ тілі” кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылдандым. 2024 жылға дейін осы қызметті атқарып келемін. Отбасылымын. Жолдасым - Қарсыбеков Әбдімәлік. Ұлым - Қарсыбеков Мадияр. Жоғары білімді, отбасылы. Қызым - Қарсыбекова Жансая. Жоғары білімді азаматша, отбасылы.
Білімі туралы ақпарат
Оқу орны
Шымкент педагогика институты
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
Сертификаттар
Тіл және әдебиетті оқытудың инновациялық әдісьері мен технологиялары (2023 г.)
Білім берудің заманауи тенденциялары мен парадигмалаары (2021 г.)
Зерттеу жұмыстарын жүргізудің методологиясы және мақала жазуды үйрену (2021 г.)
Инклюзивті білім беру (2020 г.)
Мемлекеттік тілде іс жүргізу (2020 г.)
"Қазақ (орыс) тілі" пәнін оқытудың интерактивтік әдістері (2020 г.)
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары (2020 г.)
Инклюзивті білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды оқытудың педагогикалық шарттары (2020 г.)
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау (2020 г.)
Білім берудегі инновациялық үдерістерді басқару (2020 г.)
Мектеп жаңаруын ғылыми-педагогикалық сүйемелдеу (2020 г.)
Электронные государственные услуги (2018 г.)
Түркі тілді студенттерге қазақ тілі оқыту үдерісіндегі жаңа технологиялар (0023 г.)