team
аға оқытушы PhD., Қансейтова Гүлгүл Жұмабекқызы

Телефон:
Электрондық пошта:
gulgul.kanseitova@ayu.edu.kz
№:

Мен Қансейтова Гүлгүл Жұмабекқызы 23.12.1979 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласында дүниеге келдім. 1986 жылы қыркүйек айында Арыс ауданы, Шағыр аулының орта мектебінің бастауыш сыныбына қабылдандым. Орта мектепті 1997 жылы үздікпен бітірдім. 1997 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрік тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түсіп, бұл оқу орнын 2003 жылы шығыстанушы- тарихшы, аудармашы-реферант мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесімен тәмамдадым. 2003-2005 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Филология факультеті, Шығыс тілдері кафедрасының оқытушысы болып қызмет еттім. 2005-2013 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Филология факультеті, Шығыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқардым. 2011 жылы Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Филология факультеті, «Түркітану» мамандығы бойынша оқуға түстім. 2013 жылы аталған оқу орнын «Түркітану» мамандығы бойынша Гуманитарлық ғылым магистрі академиялық дәрежесімен тәмамдадым. 2014-2017 жж. «Ұлағат» баспасында СТП операторы қызметкері болып жұмыс істедім. 2013 жылы Түркия Республикасы, Ыспарта қаласындағы Сүлейман Демирел атындағы университеті,  Әлеуметтік білімдер институты, Ғылым және әдебиет факультетінің, Түрік тілі мен әдебиеті бөліміне докторантураға оқуға түстім. Бұл аталған оқу орнын 2023 жылы Түрік тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша доктор PhD дәрежесімен бітірдім. Қазіргі таңда Түркістан қаласында, Қожа  Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Филология факультеті, Түрік тілі кафедрасында оқытушымын. 2006 жылы тұрмысқа шықтым. Жолдасым Парпиев Нұржан 01.10.1974 жылы Сарыағаш ауданы, Ғани Мұратбаев аулында дүниеге келген. Үш баламыз бар. Тұрғылықты мекен- жайым: Түркістан қаласы, Жаңа қала, 14/2 үй. Ұялы телефоным: 87026521884.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.