Мен, Талдыбаева Маржан Дархановна, 1978 жылы 3 сәуірде Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келдім. 1995 жылы Түркістан қаласындағы №31 Абай атындағы орта мектепті үздік аттестатпен бітіріп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тарих-филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түстім. 1999 жылы университетті қызыл дипломмен аяқтадым. 1999-2005 жылдар аралығында №31 Абай атындағы мектеп-интернатында араб тілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі қызметін атқардым.2002 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қазақ тілі» мамандығы бойынша магистратурасына түсіп, оны 2004 жылы аяқтадым. 2005 жылы осы университеттің «10.02.20 – Салыстырмалы-тарихи, типологиялық-салғастырмалы тіл білімі» мамандығы бойынша аспирантурасына түсіп, оны 2008 жылы бітіріп шықтым.2009-2012 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филология факультеті «Қазақ тілі» кафедрасында магистр оқытушы қызметін атқардым.2012 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 6D011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша докторантурасына түсіп, оны 2015 жылы аяқтадым.2014-2015 жылдары Түркия мемлекетінің Мугла қаласы, Мугла Сыткы Кочман университетінде және Измир қаласы, Эге университетінде шетелдік тағылымдамадан өттім.2015-жылдан бері жоғарыда аталған оқу орнының Филология факультеті, «Қазақ филологиясы» кафедрасында магистр оқытушы қызметін атқарып келемін. 2023 жылдан бастап «Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің Түркістан қаласындағы өкілдігінің басшысымын.Тұрмыстамын, жолдасым – Бегалиев Мақсат, Шымкент қаласында 1976 жылы туған, ЖШС СКК-Шиелі филиалында Еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі техникалық Бас маман. Төрт баланың анасымын.Мекен-жайым: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ә.Байқоңыр көшесі, №30-үй.
Білімі туралы ақпарат
Оқу орны
Абай атындағы №31-мектеп
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Сертификаттар
Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту (2024 г.)
Тіл және әдебиетті оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары (2023 г.)
"Ғалым және ғылыми басылым: ізденіс платформасы" (2021 г.)
Инклюзивті білім беру (2020 г.)
Қазақ (түрік) тілі (2020 г.)
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау (2020 г.)
Бідім берудегі инновациялық үдерістерді басқару (2020 г.)
Мектеп жаңаруын ғылыми-педагогикалық сүйемелдеу (2020 г.)
Жаңартылған білім беру жағдайында "Қазақ тілі" пәнін оқыту үдерісінде білім алушылардың креативті ойлау қабілеттерін дамыту (2019 г.)
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары (2019 г.)
Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар (2019 г.)
Жоғары оқу орындарында оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары (2019 г.)