❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Байжанова Шолпан Жарылкасыновна
оқытушы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
Бөлім
Қазақ, орыс тілдері

Өмірбаян

Мен, Байжанова Шолпан Жарылкасыновна, 1971 жылы 14 ақпанда Оңтүстік  Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келгем. Ұлтым-қазақ. Мен Қазақстан республикасының азаматымын. 1978-1988 жылдар аралығында Кентау қаласындағы № 1 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебін үздік бітірдім. 1988 жылы Қызылорда Қаласындағы Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түстім. 1993 жылы орыс тілі мен әдебиеті факультетін үздік бітіріп, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығыналып шықтым.1993-1994 жылдары Кентау  қаласындағы, №14 Аль-Фараби атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқардым. Осы 1 жыл ішінде “Атамекен ордасы” кабинетін аштым және снда өзімнің алғашқы “Атамекен” атты ашық сабағымды өттім. 1994-2002 жылдары тұрмысқа шығуыма байланысты Түркістан қаласы, Ескі Ихан ауылында  қазақ-өзбек мектебінде  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,  2002 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Кентау қаласындағы № 19 А.Молдағұлова  атындағы жалпы орта мектебінде  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Менде Оқытушы-Зерттеуші санаты бар. Еңбек өтілім-30 жыл. Менің отбасым бар: менің ұлым-Такенов Бекжан, 1995 ж., Кентау қаласындағы "Бастау" мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Менің екінші ұлым Такенов Нұржан қазіргі таңда жұмыссыз.

Білімі туралы ақпарат

Оқу орны

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты

Сертификаттар

  • Біліктілік арттыру (2023 г.)
  • Біліктілік арттыру (2022 г.)

Марапаттар мен жетістіктер

  • Ерен еңбегi үшiн (2022 г.)
  • І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс» (2021 г.)
  • Алғыс Хат (2021 г.)

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.