


оқытушы Магистр , Ибадулла Ысқақ Уәлиханұлы
Мен, Ибадулла Ысқақ Уәлиханұлы, 1996 жылы 17 сәуірде Жамбыл облысы, Құлан аулында дүниеге келгем. 2002 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауылында №5 САВА мектебіне 1 сыныпқа қабылдандым. 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына көшіп, №4 С.Сейфуллин мектебіне ауыстым. 2011 жылы 9 сыныпты бітіріп Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында орналасқан Түркістан Гуманитарлық Техникалық колледжіне техник-механик мандығына оқуға түстім. 2015 жылы оқуды аяқтадым. 2015-2017 жылдар аралығында Астана қаласына Нұр-Астана медресесінде білім алдым. 2017-2021 жылдар аралығында Түркістан облысы, Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде Дінтану мамандығында бакалавр деңгейінде оқыдым. 2021-2023 жылдар аралығында Түркістан облысы, Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде Дінтану мамандығында магистр деңгейінде оқыдым.2023 жылы қыркүйек айында Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, Теология факультеті, Теология кафедрасына магистр-оқытушы қызметіне қабылдандым.