❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Исаев Мухтар Сеитханулы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат
Бөлім
Философия кафедрасы
316а

Өмірбаян

Өмірбаян

 

Исаев Мухтар Сеитханулы - «Философия» кафедрасының меңгерушісі. 

Білімі - жоғары:

1. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (2001-2005 жж). Мамандығы: философия бакалавры. 

2. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (2006-2008 жж). Мамандығы: философия магистры

3. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (2013-2016 жж). Мамандығы: 6D011400-Тарих мамандығы докторанты

2016 жылы - 6D011400-Тарих мамандығы бойынша PhD (философия докторы) дәрежесін алды (ҒД 0001738). 

Еңбек жолын 2009-2013 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Философия» кафедрасында  оқытушы болып бастады. 

2013-2016 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 6D011400-Тарих мамандығы бойынша докторанты.

2017-2019 жылдар аралығында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде аға ғылыми қызметкер.

2019-2023 қыркүйек айына дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға оқытушы. 

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап «Философия» кафедрасының меңгерушісі.  

Елуге жуық  ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың, оның ішінде 1 монография, 2 оқулық, 3 оқу құралы, оның ішінде ағылшын тілінде жазылған 1 оқулық, 1 электрондық оқу құралының авторы. 

 Хирша индексі (һ) – 1.

Орыс, түрік тілдерін жоғары деңгейде меңгерген. 

2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қаржыландыратын «BR10164268 – Қазақстандағы рухани жерасты мешіттерінің тарихы және «Қылует» жерасты мешітін музейлендіру гранттық жобасы бойынша орындаушы қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын AP19679946 «Болашақ тарих мұғалімдеріне «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту әдістемесін ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы дамыту» атты гранттық жобасының жетекшісі қызметін атқарып келеді.

 «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40-жылдық мерекелік медалімен марапатталған. №28. Директор Н.Ахметжанов. Түркістан, 2018ж.

Түркістан қаласының мәдени өміріне қосқан үлесі үшін Түркістан қаласы әкімінің Алғыс хатымен мараптталған. Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев, 2018ж.

Ғылым саласындағы жетістіктері үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының Алғыс хатымен марапатталған. Түркістан, 2020 ж.

Дәрежесі

PhD., Меңгеруші

Оқу орны

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Сертификаттар

  • ІТ құзіреттіліктер және онлайн оқыту әдістемелері (2024 г.)
  • Қазіргі философияның өзекті мәселелері және оқыту әдістері (2024 г.)
  • Білім беру ұйымдарын басқарудың педагогикалық менеджменті (2023 г.)
  • Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" Халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдама (2022 г.)
  • Философияны оқытудың теориясы мен әдістемесі (2019 г.)
  • Yunus Emre түрік тілін В2 сертификаты (Türkçe yeterlilik sertifikası) №14454

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.