team
аға оқытушы Ғылым кандидаты, Шадинова Гульзира Абиласановна

Телефон:
Электрондық пошта:
gulzira.shadinova@ayu.edu.kz
№:
326

Шадинова Гульзира Абиласановна 1975 жылы 19 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келді.

Ол жоғарыда аталған оқу орнына 1991 жылы «Шығыстану» факультетіне түсіп, оны 1996 жылы университетті үздік дипломмен бітіріп, араб, қазақ филологиясы мамандығын алып шықты. 

1995 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистратурасына түсіп, оны 1997 жылы аяқтап, араб әдебиеті мамандығы бойынша ғылым магистрі деген академиялық дәреже берілді.

1997-2001 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «араб филологиясы» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 

2001 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 09.00.03 – философия тарихы мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөліміне түсіп, оны толық аяқтап шықты. 

2003-2005 жылдары «Философия» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды.

2005 жылдың сәуір айынан бастап «Философия» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келді. 

2009 жылы маусым айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы таным мәселесі» атты кандидаттық диссертацияны, 09.00.03 - философия тарихы мамандығы бойынша қорғап, философия ғылымының кандидаты деген дәреже алды. Ол  бірнеше оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулар, ғылыми мақалалардың авторы.

2010-2014 жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Философия» кафедрасының доцент міндетін атқарушы қызметі;

2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының доцент міндетін атқарушы қызметін атқаруда.

2022-2023 оқу жылында Қожа Ахмет  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының доцент міндетін атқарушы қызметін атқаруда.

Шадинова Гульзира Абиласановна өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін аянбай көптеген ізденістер жасайды және өзіне берілген тапсырманы дер кезінде орындайды. Кафедраға қатысты барлық іс-жұмыстарға белсене қатысады. Қазіргі таңда өзінің ғылыми ізденістерін жалғастырып, педагогикалық біліктілігін шыңдау үстінде. 

Отбасы бар. Екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.