❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P
team

Халкулов Диас Абдусаттарович

оқытушы
—
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
—
Бөлім
Менеджмент және туризм кафедрасы
Кеңсе номері
213

Өмірбаян

Халкулов Диас Абдусаттарович Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдаған. Кәсіби жолын қонақ үй саласында бастап, Алматыдағы Hyatt Regency Almaty Rahat Palace Hotel-де түнгі аудитор болып жұмыс істеген. Кейін «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде кезекші менеджер, корпоративтік сату жөніндегі маман және қонақтарды қабылдау мен орналастыру бөлімінің менеджері қызметтерін атқарып, қонақ үй операцияларын басқару мен сату саласында тәжірибе жинақтаған.Одан әрі Шымкенттегі «Canvas Hotel Shymkent» қонақ үйінде қонақтарды қабылдау және орналастыру бөлімінің менеджері, кейін операциялық директор болып қызмет еткен. Содан соң Өзбекстанға жұмысқа ауысып, ERIELL Group компаниялар құрамына кіретін Diamond Service ұйымында (Ташкент) операциялық менеджер, кейін атқарушы директор қызметтерін атқарған. Сонымен қатар сол топқа кіретін Silk Road Samarkand Touristic Center-де (Самарқанд) конгресс-орталықтың басқарушысы болған. Қазіргі уақытта Түркістандағы “Hampton by Hilton Turkistan” қонақ үйінің басқарушысы қызметін атқаруда.Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін 2023 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің «Туризм саласындағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Оқу ақпараттары:

  • Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
    Бакалавр