❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P
team

Абдуллаев Акикат Махмудұлы

Магистр , оқытушы
—
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
—
Бөлім
Менеджмент және туризм кафедрасы
Кеңсе номері
213

Өмірбаян

Абдуллаев Ақиқат Махмудұлы 1991 жылы 20 қыркүйекте Ташкент облысында туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2013), Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (2015) бітірген, Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетінде экономика магистрі дәрежесін алған (2018). Қазіргі уақытта Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша докторант. Еңбек жолын 2014 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да газ шаруашылығындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі болып бастап, газ тарату станциясының операторы, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГБ филиалында маман, инженер, газ шаруашылығының бастығы, Абай аудандық газ шаруашылығының директоры қызметтерін атқарған. 2024 жылдан бері «QAZAQGAZ Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалында газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің бастығы, бас инженердің орынбасары болып жұмыс істеп, 2026 жылғы маусымнан бастап бас инженердің міндетін атқарады. Түркістан қалалық мәслихатының VII шақырылым депутаты (2021- 2023), Түркістан қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Әуезов университеті түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушылардың бірі.

Оқу ақпараттары:

  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
    Бакалавр
  • Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
    Бакалавр (2 жылдық)
  • Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті
    Магистратура