


Шалхаров Ернар Сайлаубекович
кафедра меңгерушісі
Қысқаша биография:
Еңбек жолын Алматы қаласындағы Түрксіб ауданының полиция бөлімшесінде криминалист маман позициясында бастаған. Ары қарай Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында жедел іздестіру саласында жалғастырып 2009 жылы Алматы қаласындағы Жетісу ауданы бойынша салық басқармасының мәжбүрлеп өндіру бөлімінің басшысы болып С-О-4 мемлекеттік резервтік категория бойынша тағайындалды. Ары қарай 2010 жылы Алматы қаласында жаңа Алатау ауданы ашылғанына орай Алматы қаласының Алатау ауданы бойынша салық басқармасының құқықтық шаралар саласындағы орынбасары болып С-О-2 мемлекеттік резервтік категория бойынша тағайындалды. 2011 жылы GRATA атаулы трансұлттық заң фирмасында трансферттік бағақұрылым және қаржы құқығы саласында қызмет етіп Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетіне магистратура бағдарламасына түсті.
Педагогикалық еңбек жолы сол 2011 жылы магистратура бағдарламасынан басталды да ары қарай 2013 жылы PhD докторантура бағдарламасына түсіп 2017 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің диссертациялық кеңесінде PhD диссертациясын қорғап заң ғылымдарының философия докторы ғылыми дәрежесін алды. 2018 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің ғылым және тәрбие саласындағы декан орынбасары лауазымына тағайындалды, 2021 жылы құқықтану кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Жаңа 2024-2025 оқу жылында Экономика, Басқару және Құқықы факультетінің құқықтану кафедрасының меңгерушісі лауазымына қайта тағайындалды.
Ұлттық және халықаралық ұйымдарда мүшелік:
- ҚР ішкі істер ардагерлер қорындағы жедел іздестіру саласындағы офицер ардагері (Қазақстан, Астана)
- ҚР Ұлттық заң академиясының академигі (Қазақстан, Алматы)
- Түркістан және қызылорда облысы бойынша өңіраралық заң палатасының мүшесі / адвокат (Түркістан, Қазақстан)
- Халықаралық теоретикалық және қолданбалы зерттеулер академиясының академигі (Авиньен, Франция)
- Халықаралық медициналық құқық ассоциациясының мүшесі (Лос-Анджелес, АҚШ)
- Халықаралық геномдық дискриминация обсерваториясының басқару кеңесінің мүшесі (Квебек, Канада)
- Халықаралық Евроодақ аймағындағы ұйымдасқан қылмыстық топтар мен күресі саласындағы зерттеулер консорциуымындағы аналитик комиссары (Вена, Австрия)
Меңгерген тілдер:
- Ағылшын тілі – IELTS 5.5
- Түрік тілі
- Жапон тілі
Берілетін курстар:
- Криминалистика
- Криминология
- Халықаралық жеке және жария құқығы
- Дипломатиялық және консулдық құқық
Ғылыми қызығушылықтар :
- Криминалисттік токсикология: улар, психтроптық, есірткі және галюциногенді заттар
- Баллистика: қысқа және ұзын ауызды ату құралдары
- Баллистика: суық қару құралдары
- Кинология
- Контакттық шайқас негіздері құқыққорғау қызметкерлерін дайындау бағдарламасында
- Сталкинг
- Қылмыскер портреті
- Ұйымдасқан қылмыстық топтар этимологиясы
- Ретуалды қылмыстар классификациясы
- Халықаралық геномдық құқық
- Халықаралық виртуалды құқық
- Халықаралық космос құқығы
- Құқықтану факультеті үшін стандарттар негіздері
Жеке қызығушылықтар аясы
- Кинология
- Жазушылық
- Контакттык шайқас негіздері (джиу джитсу - самбо)