


аға оқытушы Магистр , Алимбаева Актолкын Алмасхановна
Академиялық комитеттің мүшесі
Өмірбаян
Алимбаева Актолкын Алмасхановна - 1974 жылы 27 қыркүйекте Ташкент облысы, Шыназ ауданында дүниеге келген. Ұлты – Қазақ.
1981-1991 жылдар аралығында Келес ауданы, Бірлік ауылында Ә.Жанкелдин атындағы орта мектепті үздік бітірген.
1991-1992 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қалалық Халық Сотында сот хатшысы қызметін атқарған.
1992 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-не оқуға түсіп, 1996 жылы заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік дипломға бітіріп шыққан. 1996 жылы аталған университеттің заң факультеті «Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология» кафедрасында оқытушы қызметінен бастап, бүгінгі күнге дейін аталмыш кафедрада аға оқытушы.
2000-2002 жылдары университет магистратурасын «Құқықтану» мамандығы бойынша сыртқы бөлімін үздік дипломмен аяқтаған.
10.02.2020 жылы №20002470 Адвокаттық қызметпен айналысуға Лицензия алған. Түркістан облысы Нотариаттық палатасының тәртіп комиссиясының мүшесі..
Жетекшілік жасаған білімгерлері студенттік конференциялар мен пәндік олимпиадаларында жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері. 2019 жылы «Жастар жылы» қарсаңында жоғары оқу орындары арасындағы «Түркістан облысы прокурорының кубогы» конкурсында жетекшілік еткен білімгерлері Бас жүлде иегерлері атанған.
Зерттеу жұмыстары бойынша 45 астам ғылыми еңбектер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған журналдарда, сондай-ақ халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференция материалдарында жарияланған. 2 оқу әдістемелік құрал, оннан астам оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрген.
Ахмет Ясауи университетінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 20-ға жуық алғыс хатпен марапатталған. 2016 жылы ЮНЕСКО-ның 2016 жылды «Ясауи жылы» деп тануына байланысты және Ахмет Ясауи университетінің 25 жылдығына орай университет Сенатының шешімімен «Ясауи жылы» медалі берілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай университет дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін ҚР БҒМ Алғыс хатымен марапатталған.
Тұрмыс құрған. 2 ұл, 2 қызы бар.
Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Алматы көшесі, №113 үй.
Тел нөмірі: 8 707 427-09-74