


аға оқытушы Магистр , Әбсаттар Серік Тасмаханбетұлы
Мен, Әбсаттар Серік Тасмаханбетұлы 1982 жылы 1- қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданында туылдым. Орта мектепті 1998 жылы бітіріп, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетіне «Тарих» мамандығы бойынша оқуға түстім. 2002 жылы үздік дипломмен бітіріп, аталған университетте тарих мамандығы бойынша магистратурада білімімді жалғастырдым. 2004 жылы тарих магистрі дәрежесін алып, ХҚТУ-да «Халықаралық қатынастар» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылдандым. Аталған кафедрада қазірге дейін жемісті қызмет атқарып 20 дан астам ғылыми жұмыстардың авторы болдым. Оқу процесіне қатысты оқу-әдістемелік жұмыстарды атқаруға белсене араластым. Университет басшылығы тарапынан көптеген марапат алғыс хаттардың иегері атандым. 2018 жылы аға оқытушы қызметіне ауыстырылдым. Түрік және орыс тілдерінде дәріс жүргіземін. Түрік тілі білімін халықаралық деңгейде растайтын Юнус Емре сертификатының С1 деңгейінің иегерімін. Біліктілік көтеру және дамыту бойынша бірнеше курстарға қатысып сертификаттарды иелендім. Өмірлік ұстанымым: үнемі ізденісте болу және өзімді жан-жақты дамыту болып табылады. Жанұялымын, үш балам бар.
Жүргізетін пәндері:
- Жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар тарихы
- Қазіргі замандағы халықаралық қатынастар тарихы
- Саяси көзқарастар тарихы