team
доцент PhD., Мырзабекқызы Құндыз

Телефон:
Электрондық пошта:
kundyz.myrzabekkyzy@ayu.edu.kz
№:
515

Мырзабекқызы Құндыз 

Қауымдастырылған профессоры (доцент)  PhD докторы

 

 

Мен, Мырзабекқызы Құндыз 1982 жылы 11 ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр елді мекенінде дүниеге келдім.

1988-1999 ж.ж. "Қарағұр" жалпы орта мектебінің 11 сыныптық оқу кезеңдерін аяқтап шықтым.

1999-2004 ж.ж. Алматы қаласы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Экономика факультеті, Қаржы және несие мамандығын тамамдап, Экономист-қаржыгер біліктілігін алып шықтым.

2004-2005 ж.ж. Шымкент қ. ТОО «Бибo & Company» есепші қызметін атқардым.

2005-2010 ж.ж. Түркістан қ. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының оқытушы болып жұмыс жасадым.

2010-2012 ж.ж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті – «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистратура оқып, экономика магистрі біліктілігін алып шықтым.

2012–2015 ж.ж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының магистр-оқытушы болып жұмысымды бастадым.

2015-2019 ж.ж. Гази Университеті, Анкара қ. Түркия Республикасы. «Менеджмент» мамандығы бойынша докторантура оқып, Менеджмент бойынша философия докторы (PhD) біліктігін алып келдім.

2019-2023 ж.ж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Экономика, қаржы және есеп» кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы болып қызмет атқардым.

17.10.2023 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Экономика, қаржы және есеп» кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры (доцент) атағын алып, қызметімді жалғастырып келемін.

 

Ғылыми еңбектерім:

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 2005 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Ғылыми – педагогикалық еңбек өтілім 20 жыл. Осы 20 жылда 60 ден аса ғылыми еңбектер жарияладым. Соның ішінде соңғы 5 жыл бойынша төмендегідей нәтижелерді жазуға болады:

h-index – 8; Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының ақпараттық базасына, Scopus (Скопус) не JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базалардағы ғылыми журналдарда - 11, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Білім және ғылым саласына сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда - 10, шетелдік ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар - 3, жалпы 24 ғылыми мақалаларым жарық көрген. 

Сондай-ақ, 2014 жылы «Коммерциялық ұйымдардың өндірістік есебін жетілдіру»  және 2019 жылы «Ailelerin Beyaz Eşya Satın Alma Sürecinde Kadınların Rolü ve Kazakistan’da Bir Uygulama» (Отбасылардың тұрмыстық заттарды сатып алу процесінде әйелдердің рөлі және Қазақстандағы тәжірибе) атты монографиялар жарық көрді.

 «Бухгалтерлік есептің даму тарихы, 2019 жылы», «Қаржы теориясы, 2020 жылы» атты оқу құралдар шықты. Осы уақытқа дейін  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасының сүрелерінен монографиялар мен оқу құралдарды студенттер пайдаланып келеді.

2024 жылы, қазіргі таңда еліміздегі, қаржылық көрсетілетін қызметтердің серпінді дамуының, бөлшек өнімдердің онлайн-форматқа және жаңа цифрлық технологияларға ауысуының, неғұрлым күрделі әрі сонымен бірге тәуекелді қаржы құралдарына деген сұраныстың өсуінің қазіргі заманғы жағдайында халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері жандандыру мақсатында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің барлық мамандықтарына арналған (бакалавриат) «Қаржылық сауаттылық негіздері» оқу құралын шығардым. 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.