team
доцент Ғылым кандидаты, Ерманкулова Рима Ибадуллаевна

Телефон:
Электрондық пошта:
rima.yermankulova@ayu.edu.kz
№:
213

Ерманкулова Рима Ибадуллақызы - Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Менеджмент мамандығы бойынша профессор м.а., экономика ғылымдарының кандидаты.

Ол 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқум ауданы, Шаулдер елді мекенінде дүниеге келді. 1983-1988 жылдар аралығында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты экономика факультетінде білім алып, халық тұрмыс өтеуді ұйымдастыру экономикасы мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2006 жылы 19 мамырдағы шешімімен (№ 8 хаттама) экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2010 жылы 23 қыркүйектегі шешімімен (№ 8 хаттама) экономика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 2019 жылы 25 желтоқсандағы шешімімен Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессор міндетін атқарушысы 

Еңбек жолын 1988-1995 жылдары Түркістан қаласында Тігін фабрикасында экономист, бас экономист қызметінен бастады. 1995 жылдан бастап Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданған. 2002 оқу жылынан аға оқытушы, 2006 жылдан бастап «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доцент міндетін атқарушысы кейінен Менеджмент және туризм кафедрасында оқытушылық қызметте жалғастыруда. 

1995-2024 жылдар аралығында жалпы 100 дан аса макала, оқулықтар мен ғылыми еңбектері жарық көрген. 

Зерттеу бағыттары: Менеджмент, Менеджментке негіздері, Мотивациялық менеджмент,Ұйым теориясы және мінез-құлқы.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.