Өмірбаян
Кенешбаев Бектур Жұмаханұлы - Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Менеджмент мамандығы бойынша философия докторы (PhD).
Ол 1981 жылы Түркістан қаласы Оранғай елді мекенінде дүниеге келді. 1998 жылы Оранғай ауылындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебін үздік бітіріп, сол жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Экономика және менеджмент мамандығының білімгері атанды. Универсиететтің бакалаврын 2002 жылы үздік бітіріп, ғылым жолындағы білімін магистратураға түсіп арттырды. 2010-2016 жылдар аралығында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде докторантурада диссертациясын сәтті қорғап шығып, 2016 жылы наурыз айында Менеджмент мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2002 жылы Қос-Қорған орта мектебінің есепшісі қызметінен бастады. 2005 жылдан бері еңбек жолын Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасында кейінен Менеджмент және туризм кафедрасында оқытушылық қызметте жалғастыруда.
2005-2024 жылдар аралығында жалпы 20-дан аса макала, оқулықтар мен ғылыми еңбектері жарық көрген. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша өзекті тақырыптарда Ресей және Түркия елдерінде халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда баяндама жасаған.
Зерттеу бағыттары: Менеджмент, Ауыл шаруашылығын басқару, Тәуекел менеджменті, Инновациялық менеджмент және көшбасшылық, Стратегиялық менеджмент
Дәрежесі
PhD., аға оқытушы
Оқу орны
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Сертификат атауы
- Инклюзивті білім берудегі оқыту дағдыларының мазмұны (2024 г.)
- Цифрлық сауаттылықты арттыру (2024 г.)
- Менеджмент (2024 г.)
- "Мамандығым -Болашағым" жобасы аясында, "Skills Technology Foresight" әдіснамасы бойынша өңірлік оқыту семинары (72 сағат) (2024 г.)
- Coursera «Жоғары нәтижелі ынтымақтастық: көшбасшылық, топтық жұмыс және келіссөздер» тақырыбы бойынша онлайн оқыту курсы, 11,4 сағат (2024 г.)
- 2023 жылдың 19-23 желтоқсан аралығында 72 сағаттық «Ғылыми зерттеу әдістемесі: деректерді жинау мен талдаудың сандық және сапалық әдістері» тақырыбы бойынша онлайн оқыту курсы. (2023 г.)


